Припятьтағы Украина-Ресей келіссөздерінен кейін көп ұзамай Ресей әскері Киевке «Искандер» баллистикалық зымыранымен шабуыл жасады.
Бұл туралы Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко хабарлады.
«Путин режимінің тағы бір қылмысы. Искандер баллистикалық зымыранының Киевке шабуылы. Нақты орны мен құрбандары анықталып жатыр» деп жазды ол.
Осыдан бірнеше минут бұрын Геращенко Припятьтағы келіссөзде Украина ресейліктерге Украинаның барлық аумағынан әскерлерін толықтай шығаруды қамтитын қатаң шарттарды қойғанын жазған.
«Келесі келіссөздер алдында Киев пен Мариупольді қоршауға алу арқылы Ресей жағдайын жақсартқысы келеді. Бұл Ресейдің соңғы әрекеті болады. Оған біздің әскер дайын. Алда шешуші шайқас күтіп тұр» деді Геращенко.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеу жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.
Бүгін Донбасс қаласында әскери операция жүргізуді бұйырған РФ президенті Владимир Путин аталған қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын талап етті. Ал, араласқысы келгендерге бұрын-соңды көрмегенді көрсетеміз деп мәлімдеді.
https://youtu.be/s449fc12utk
Еске салайық, бұған дейін Ресей Украинаның шығысындағы тәуелсіз ел ретінде мойындалмаған Донецк пен Луганск республикаларының тәуелсіздігін «жариялаған» болатын. Артынша АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге жаңа санкциялар салғанын хабарлады.
«Бұл жағдайға сырттан араласқандарға Ресейдің беретін жауабы лезде болады. Ал ол жауаптың салдары өте ауыр болады, тарихта бұрын-соңды көрмегенді көрсетеміз. Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Қажетті шешімнің бәрі қабылданды», — деді Владимир Путин бүгінгі үндеуінде.
Айта кетейік, Украина басылымдары елдің бірнеше қаласында жарылыс пен атыстың дауысы естілгенін хабарлады. Ал, Владимир Путин Донбасс қаласында әскери операция жүргізуге бұйрық берді.
24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік телеарналардан мәлімдеме жасап, Ресей армиясының Украина әскерімен соғысатынын хабарлады.
«Мен арнайы әскери операция бастау туралы шешім қабылдадым. Оның мақсаты – сегіз жыл бойы Киев қорлық көрсетіп, геноцид жасап келген адамдарды қорғау. Бұл үшін біз Украинаны демилитаризация мен денацификация жасауға, оған қоса бейбіт тұрғындарға, соның ішінде Ресей федерациясы азаматтарына да қарсы көптеген қанды қылмыс жасағандарды сотқа тартуға тырысамыз» деді Путин.
Ақпарат құралдары Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғанын хабарлап жатыр.
Қазақстанның Киевтегі елшілігінің кезекшісі Киев уақытымен таңертеңгі сағат бесте Азаттық тілшісі қалада жағдай тыныш екенін хабарлады.
«Елшілік қызметкерлері эвакуацияланған жоқ. Орталықтан (Нұр-Сұлтан) хабар күтіп отырмыз» деді ол.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 24 ақпанда таңертең елшілік қызметкерлерін эвакуциялау мәселесін қарастырып жатқанын айты.
– Қазір ойластырып жатырмыз. Ол үшін ұшақ дайындау керек. Қазір ұшақтар ұшып жатқан жоқ. Қазір жүгіріп жүрміз, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның консулдығында уақытша тіркеуде 517 адам, тұрақты тіркеуде 1113 адам тұр. Олар негізінен Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков, Львов облыстарында тұрады.
Қытай сыртқы істер министрі 23 ақпанда Тайвань – Украина емес, ол үнемі Қытайдың құрамында болған деп мәлімдеді. Оның алдында Тайвань президенті Цай Инвень Шығыс Еуропада территориялық дау ушыққан шақта сақтықты күшейтуге үндеген.
Ал оған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон егер Батыс елдеріУкраинаның тәуелсіздігін қолдау туралы уәдесін орындай алмаса, оның ғаламдық салдары болуы мүмкін деп ескертіп, Тайвань жағдайын мысалға алған.
Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Украина мен Тайвань арасында еш ұқсастық жоғын алға тартты.
«Тайвань – Украина емес. Тайвань ылғи Қытайдың ажырамас бөлігі болған. Бұл даусыз заңды және тарихи факт» деді ол.
Қытай АҚШ одақтасы Тайваньды жеке мемлекет емес, Қытай құрамындағы провинция деп санайды.