Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды
Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайты хабарлады. Түркіменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. ОСК сайтындағы мәлімдемеге сәйкес, сайлаушылардың 72,97 пайызы Демократиялық партияның кандидатына дауыс берген. – Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары…
