Category Archives: Әлем

Тина Канделакидің Қазақстанда бизнесі бар болып шықты

Қазақстанда өкілдігі бар компания

Компанияның ресми сайтында Тина Канделаки мен құрбысы Линда Гусева екеуі білімін біріктіріп, Мәскеуде халықаралық деңгейдегі SPA-клиника ашқаны жазылған. Осы бизнесті бастай отырып, құрбылар халықаралық мамандарды шақырып, Ansaligy зертханасының басшысын іске тартқан. Бет-әлпетті тазартатын технологияны бірге іздеген.

«Осылайша, сұранысқа ие, ірі қалада белсенді өмір сүру салтын жүргізетін әйелдерге арналған Ansaligy өнімдер желісі пайда болды», — делінген компанияның ресми сайтында.

 

Ansaligy брендімен өнімдердің алғашқысы 2016 жылы пайда болған. Ол кезде журналистің компаниясы өнімнің санаулы түрін шығарған. Қазақстанда аталған желінің ресми өкілдігі жұмыс істейді.

Ашық дереккөздерде аталған брендтің өнімдерінің бағасы 10 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін екені көрсетілген.

Тина Канделаки

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки бұған дейін Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан — Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, «тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы» деп жазған.

Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары» дейді ол.

Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.

Арман Шораевтың пікірі

Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық дейді ол.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Әлемнің бірінші ракеткасы болған теннисші сотталып кетті

Барселона соты бұрынғы кәсіпқой теннисші Аранча Санчес-Викарионы 2 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Испания сот билігінің ресми сайты хабарлаған.

Аранча Санчес-Викарио мен оның бұрынғы күйеуі Хосеп Сантакана банктегі қарыздарын төлемеу үшін мүліктерін жасырған. Сот Аранчаны 2 жылға, ал Сантакананы 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар олар Люксембург банкіне 6,6 миллион еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетсек, Аранча Санчес-Викарио 4 жасынан бастап тенниспен айналысқан. Ол кәсіпқой теннистегі 29 жылға созылған мансабын 2004 жылы аяқтаған еді. Осы уақыт аралығында 4 рет Олимпиада медалін, 4 рет «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алған және халықаралық жарыстарда 92 жүлде иеленген.

Аранча 1995 жылы әлемнің бірінші ракеткасы болды.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады

[Қазақстан азаматтары Сейшел аралдары республикасына визасыз бара алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

«2023 жылдың 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған Қазақстан үкіметі мен Сейшель үкіметі арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді.

Келісімінің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекет аумағына бір немесе бірнеше рет келу-кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезінен бастап, екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде, ал күнтізбелік 180 күн ішінде, жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы керек.

Егер Қазақстан азаматтарына Сейшель аралдарында 30 күннен аса уақыт болу керек болса, олар тиісті санаттағы Сейшель визасын алдын ала рәсімдеуі керек», — деді СІМ ресми өкілі.

Сейшель Аралдары Республикасы – Мадагаскар аралының солтүстік-шығысындағы аралдарға орналасқан шағын мемлекет.

 

X Фредерик Данияның королі болды

X Фредерик Данияның жаңа королі болды. Ол 52 жыл бойы елдің патшайымы болған анасы II Маргретенің орнына таққа отырды.

Дания патшайымы ұлының пайдасына тағынан ресми түрде бас тартты. Kommersant.ru-дың хабарлауынша, II Маргрете патшайым Копенгаген қаласындағы Кристиансборг сарайында үлкен ұлының тақты беру үшін арнайы құжатқа қол қойды. Сөйтіп, ол жарты ғасырдан астам уақыттан бері елдің патшайымы болғанын, осы уақытта Дания корольдігінің дамуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасағанын айтты.

Содан кейін сөзінің соңында «Е, Жаратушы бір Құдайым, патшаны сақтай гөр», – деп орнын босатып, залдан шығып кетті.

83 жастағы II Маргрете елдің 900 жылға жуық тарихында тақтан өз еркімен бас тартқан алғашқы монарх болып отыр.

II Маргрете патшайым тақтан бас тартқан соң, премьер-министр Метте Фредериксен Кристиансборг балконынан үш рет «Ура!, Ура!, Ура!»,  деп Х Фредерикті король деп жариялады. Патшаны сарай жанындағы алаңда оны әйелі, қазіргі ханшайым Мэримен және балаларымен бірге көпшілік қарсы алды.

55 жастағы X Фредерик король мен Мэри ханшайымның үлкен ұлы, 18 жастағы Кристиан ресми түрде Данияның тақ мұрагері болды.

Дегенмен Данияда монарх елдің ішкі ісіне, саясатына араласпайды. Оның қолында билік жоқ. Елдің ішкі және сыртқы саясатымен Парламент тағайындаған Үкімет айналысады.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Эквадорда қарулы қақтығыс басталды

Эквардорда полиция мен түрмеден қашып шыққан адамдар арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Осыған байланысты ел президенті Даниэль Нобоа тікелей эфирде елде төтенше жағдай жариялады.

BBC-дің хабарлауынша, қарулы қақтығыс жергілікті қылмыс тобының лидері, «Фито» лақап атымен танымал Адольфо Масияс Вильямар түрмеден қашып шығуы мүмкін деген ақпарат тараған кезде басталған.

Қазір қарулы қақтығыстан кемі 10 адамның қаза тапқаны хабарланды. Қаза тапқандар арасында полицейлер де бар.

«Эквадордың астанасы – Кито қаласының орталығына танкілер жеткізілді. Елдің қарулы күштері қылмыскерлердің талаптарын орындамайды. Бізді есірткі бизнесімен айналысатын қылмыстық топ үрейде ұстағысы келеді. Бірақ енді біз олардың көзін жоямыз. Бірі де қалмайды», – деді ел президенті.

Оның айтуынша, түрмеден қашып шығуы мүмкін «Фитоны» қолдайтын 21 топ бар. Қазір олар халықты қарумен қорқытып, өз талаптарын орындатқысы келеді. Әзірше полиция тәртіпсіздікке қатысы бар деген 18 адамды ұстады. Бандиттерді қолға түсіру одан әрі жалғаса береді.

Еске сала кетсек, 9 қаңтарда «Фито» туралы ақпарат шыққанда оның «Лос Чонерос» тобының мүшелері Гуаякиль қаласындағы TC Televisión телеарнасының кеңсесіне қарумен басып кіріп, бірнеше журналисті кепілге алған. Жағдай 15 минут бойы тікелей эфирде тараған. Кадрда атыс дауысы да естілген. Содан кейін арнайы қызмет телеарна ғимаратын қоршауға алып, шабуылдағандарды ұстап, олардан қарулар мен жарылғыш заттарды тәркілеген.

Бұған дейін «Лос Чонерос» тобынан басқа да қарулы топтар Гуаякиль қаласында полиция бөлімшелеріне, мектептер мен университеттерге шабуылдаған. Қарулы топ мүшелері полицейлер мен түрме қызметкерлерін ұрып жатқан видеоларды да таратқан.

Әзірше жергілікті қылмыстық топ басшысының қайда екенін белгісіз. Ол түрмеден қашып шықпаса, соның бір жерінде жасырынуы мүмкін деген мәлімет бар. Өйткені ол жазасын өтеп жатқан түрменің аумағы Гуаякиль қаласы үшін тым үлкен. Бұл жерде 12 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. «Фито» жетекшілік ететін қылмыстық топ осы түрмені өз бақылауында ұстайды деген де дерек бар.

«Фито» 2020 жылы президентікке кандидат болған белгілі журналист Фернандо Вильявисенсионың қазасына кінәлі деп айыпталып, 12 жылға сотталған болатын. Оған дейін де ол осы түрмеде отырып, қашып шыққан.