Category Archives: Әлем

Түркияға былтыр 56,7 миллион турист барған

Әлемнің жетекші туристік бағыттарының бірі – Түркия туризм саласындағы қарқынды дамуын жалғастырып, былтыр 2022 жылмен салыстырғанда, 10 пайызға арттырған. Осылайша, 2023 жылы түріктер елі шет елдерден 56,7 миллион турист қабылдады. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдің туризм кірісі бір жылмен салыстырғанда 17%-ға артып, 54,3 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Туристердің сұранысы артқан

Еуропаның мәдениет, өнер, гастрономия, велосипед және діни туризм, сонымен қатар теңіз, құм және күн үшін ең танымал бағыттарының бірі – Түркия үшін 2023 жылы рекордтық жыл болды. Биыл бұл көрсеткішті 60 миллионға жеткізіп, туризмнен түсетін кірісті 60 миллиард доллардан асыруды көздеп отыр.

Тұрақты даму хаттамасына қол қойған бірінші ел

Түркияның туризмдегі табысының артында келушілер үшін тартымды орта құруға бағытталған стратегиялық және болашақты ойлайтын саясат жатыр. Ел туризм секторын жауапты және тұрақты саясаты бар неғұрлым төзімді және инклюзивті құрылымға айналдырды. Түркия 2022 жылы Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесімен (GSTC) үкімет деңгейінде келісімге келген және оны салалық талап ретінде жүзеге асырған әлемдегі алғашқы ел болды.

Түркия: жыл он екі ай бойы алуан бағыт пен алуан қызық

Үш жағын көгілдір теңізбен және тарихи байлығымен қоршалған бірегей географиялық ерекшелікке ие түріктер еліне туристердің қызығушылығы ешқашан басылған емес. Туризм арқылы өзінің құндылықтарын әлемге танытуға ұмтылатын Түркия қонақтарға жыл он екі бойы түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Жанға жайлы демалыстар, мәдени және спорттық іс-шаралар, гастрономиялық фестивальдар мен әр аймақтың өзіне тән асханасын, қоршаған орта мен табиғаттың тартымдылығын ұсыну арқылы адамдарға ұмытылмас естеліктер сыйлайды. Түркия көптеген археологиялық қазбалар мен қалпына келтіру жобаларын жүзеге асырады. Осы салада үздіктер қатарынан табылған Түркия 2023 жылы археологиялық жобалар санын 720-ға жеткізді. 2024 жылы аталған көрсеткіш 750-ден асырылады. Бұл Түркияның мәдени мұраны сақтаудағы көшбасшылығын күшейтеді. Сонымен қатар түнгі серуендер үшін танымал археологиялық орындарды жарықтандыруы да туристердің көңілінен шықты. аЖан-жағын самаладай жарыққа ететін шамдар тарихи қазыналарды кешкі аспан астындағы таңғажайып көріністерге айналдырады. Измирдегі Эфес, Денизлидегі Иераполис, Анталиядағы Патара және Сиде сияқты бұл орындар Түркияның тарихи мұрасын көрсетумен бірге туристерге елдің бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Финляндия Ресей мигранттарынан қауіптеніп, шекараны жауып тастады

Финляндияның көші-қон қызметі 2023 жылдың аяғында Ресейден келген кез келген өтініш берушіге әлі де баспана бермеген. Бұл туралы 31 қаңтар күні YLE медиа компаниясы мәлімдеді.

Осы уақыт ішінде ведомство баспана беру туралы 70 өтінішті қарады, деді көші-қон органдарының өкілі Антти Лехтинен. Өтініш берушілердің шамамен үштен екісіне баспана берілуден бас тартылды, өтініштердің тағы үштен бірі жарамдылық мерзіміне байланысты жойылды, деп түсіндірді ол.

YLE жазғанындай, соңғы айларда Финляндияға Ресей арқылы 1300 адам баспана сұрап келген. Олардың 190-ға жуығы ұшты-күйлі жоғалғандар қатарында.

Ресей-фин шекарасындағы мигранттардың ағыны

Финляндия тиісті құжаттары жоқ мигранттардың ағыны аясында Ресеймен құрлық шекарасын толығымен жауып тастады. Хельсинки Мәскеуді үшінші елдердің азаматтарын шекарадан өтуге арандатты деп айыптады. Желтоқсан айының ортасында екі өткізу пункті жұмысын қайта бастады, бірақ бірнеше сағаттан кейін қайтадан жабылды. 2024 жылдың қаңтарында Хельсинкидегі билік Шығыс шекараның жабылуын 11 ақпанға дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Мигранттар Ресей Федерациясының Финляндиямен шекарасынан өтуге тырысуда деді Финляндия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Элина Валтонен. ІІМ басшысы Мари Рантанен де осындай пікірде, алайда шекараның жабылуы Финляндияда тұратын ресейліктер мен қос азаматтығы бар адамдар үшін қиындықтар туғызатынын мойындады.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Харьковты атқылаудан кейін ресейлік инженер өзін атып тастаған

Ресей Федерациясында «Алмаз-Антей» зымыран зауытының инженері  Антон Горобец Харьковтағы тұрғын үйге зымыран түскені үшін өзін атып өлтірді, — деп жазды ресейлік БАҚ. Белгілі болғандай, инженер өзіне қол жұмсау алдында хат қалдырған. Жазбасында ол «өзінің қолтаңбасы бар» зымыран екенін жазған. Ал ол үйде оның әжесі тұрған. Ол қаза болды.

«Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран Харьковке, әжем тұратын үй аумағына қарай ұшып кетті. Артынша әжем қаза болды. Қазір болып жатқан оқиғалардың бәрі сұмдық, қорқынышты түс сияқты. Мен енді зымыран жасамасам да, әжемді қайтара алмаймын. Мені кешірші, енді мен өмір сүре алмаймын», — делінген жазбада.

 

 

Өзбекстан халқының саны 40 млн адамға жуықтады

Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігі халық санын жариялады.

1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 36,8 миллион адам болды.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, қазір елде әйелдер саны – 18,3 млн, ерлер саны – 18,5 млн. Қала тұрғындары – 18,8 млн, ауыл тұрғындары – 18,0 млн адам.

Былтыр Өзбекстанға 218 800 адам көшіп барса, 233 200 адам елден көшіп кеткен. Соған қарамастан Орталық Азия ғана емес, ТМД кеңістігінде бала туу бойынша өзбек елі басқа мемлекеттерден әлдеқайда көш ілгері болып отыр.

 

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға пікір білдірді

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, – деп хабарлайды inform.kz.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбек Смадияровты Мәскеуге шақырды.

«Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал бізге ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал», – деп жазады журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек», – дейді Мария Захарова.