«Соғыстың керегі жоқ»: Қазақ ақсақалы жер-жаһанды жаяу араламақ
Саяхатшы, шебер-реставратор Сәрсенбай Қотырашов дүниежүзін жаяу аралап шықпақ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 72 жастағы ақсақал сапар барысында Грузия, Әзербайжан, Түркия, Болгария елдерін аралайды. Одан әрі батыс еуропаның елдерін қыс түскенше жүріп өтуді жоспарласа, көктемге дейін америка құрлығын араламақ. Жазға салым Тынық мұхиты арқылы Шығыс Қытайдың жерлерін жаяу шарлайды. Кейін Монғолияның батыс өлкесі арқылы Өскеменге келмек….
