Ішінде қазақ та бар: Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан бокс құрамасы жасақталды
Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан ерлер құрамасы анықталды. Команда сапында этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов та бар. Бұл туралы Qazaq.today Азия бокс конфедерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Өзбекстан құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов 92 килограмға дейінгі салмақта бақ сынамақ. Саидрахимов – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы…
