«Ақтөбенің» аңызға айналған футболшысы өмірден өтті

Фото: fcaktobe_official  “Ақтөбе” клубының аты аңызға айналған футболшысы Геннадий Валентинович Шапкин 69 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Sportarena.kz мәліметінше, Шапкин мансабының көп бөлігін “Актюбинец” (қазіргі “Ақтөбе”) командасында өткізді. Ол 272 матчқа қатысып, 115 гол соққан. Бұл нәтиже оны клуб тарихындағы ең үздік сұрмергенге айналдырды.

Толық оқу

Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан: Странджа турниріне қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

фото: IBA сайты Болгария астанасы Софияда бокстан 76-рет ұйымдастырылатын Странджа халықаралық турниріне қатыстатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. Федерация өкілдері турнирге Сағындық Тоғамбайдың қатыспайтынын атап өтті. Боксшының қазіргі уақытта қалпына келу кезеңінен өтіп жатқаны белгілі болды. Ол сәуір айында шаршы алаңға шығады. Странджа турниріне қатысатын…

Толық оқу

Чемпиондар лигасы: Мбаппенің үш голы «Реал Мадридке» жеңіс сыйлады

Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Соңғы төрт жолдамаға «Реал Мадрид» (Испания), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция), ПСВ (Нидерланд) ие болды. Испаниялық «Реал Мадрид» плей-офф сатысында Англияның «Манчестер Сити» командасымен кездескен еді. Алғашқы ойында Карло Анчелотти шәкірттері ағылшындық ұжымды 3:2 есебімен тізе бүктірді. Кездесу барысында…

Толық оқу

Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына өтті

Фото: Robert Prange/Getty Images Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Екінші кезеңде ол әлемнің 62-ші ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимаға қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Рыбакина алты эйс жасап, екі қос қате жіберді және…

Толық оқу

Теннисші Бейбіт Жұқаев Бахрейнде өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: KTF.KZ Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев алғаш рет жұптық сында «Челленджер» турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Манамада хард төсенішті корттарда ATP Challenger сериясы бойынша өткен турнирде Бебіт Жұқаев украиналық Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич — франциялық Люка Санчеспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық украиналық жұп 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті….

Толық оқу
Яндекс.Метрика