Бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.  Бастапқыда аталған спорт түрі 2022 жылдың ақпанында 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасынан шығарылған еді. Бұл шешім Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) төңірегінде туындаған мәселелерге байланысты қабылданған. 2023 жылдың маусымында…

Толық оқу

Футболшы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Фото: fckairat Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  34 жастағы қорғаушы биылғы маусымда араға 11 жыл салып қайтадан “Ертіс” футбол клубына ауысқан еді. Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген Суйімбаев Қазақстан Кубогында ауыр жарақат алды. Осы оқиғадан кейін павлодарлық команданың баспасөз қызметі футболшы жайлы ақпарат берді. “Ғафуржан Сүйімбаев мениск…

Толық оқу

Қуат Хамитов: Маған эскорт қыздың бір түндік ақшасы сияқты жүлде не үшін керек?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов мемлекеттің әлем чемпионатына беретін ақшасын «эскорттың бір түніне» теңеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Егер мемлекет маған әлем чемпионатының алтыны үшін 15 000$ берсе, онда мен Мұхаммед Әли сияқты бұл ақшаны медальмен бірге лақтырар едім! Өзенге емес дәретханаға! Маған эскорттың бір түндік ақшасы сияқты…

Толық оқу

Назым Қызайбай әлем чемпионатының алтыны үшін Асхат Тағыбергеннің айлық жалақысынан үш есе аз сыйақы алды

Фото: kzsports Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаражат берді, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат порталы. Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында IBA әрбір жүлделі орындарға арнайы сыйақы берді. Байрақты бәсекеде чемпион атанған 12 боксшыға 100 000 доллар табыс етілді. Ал финалда сүрініп, күміс медаль иеленген тағы 12 спортшы…

Толық оқу

«Жаңа рекорд»: Назым Қызайбай әлем чемпионатынан кейін соққысын тексерді (ВИДЕО)

Фото: Instagram/@nazym_kyzaibai09 Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңқалдырды. Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.  «722 келі. Бұл жаңа рекорд», — деді Назым Қызайбай. Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен…

Толық оқу
Яндекс.Метрика