Ахмедов қазақ халқынан кешірім сұрап, ауыр жарақат алғанын мәлімдеді
АҚШ-та өткен бокс кешінде мексикалық Элиас Эспадаспен тең түскеннен кейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) жекпе-жекке қатысты алғашқы пікірін білдірді. Оның айтуынша, кездесудің бел ортасында ол қолын жарақаттап, қалған раундтарды ауыр жағдайда өткізуге мәжбүр болған. «Бұл — бокс. Қарсыласым мықты болды. Мен бесінші не алтыншы раундта қолымды сындырып алдым. Соған қарамастан, бұл…
