Данияр Елеусіновтің АҚШ-тағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Фото: sportilinet.kz Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 KO) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын жойқын соққылармен сұлатып түсірді. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісі (оның сегізі…
