Елена Рыбакина WTA турында көш бастады

Фото: freshnews.kz 4-нен 5 тамызға қараған түні Қазақстан әйелдер теннис құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында ойнайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл кездесуде оның қарсыласы украиналық Марта Костюк болады. Осы матч алдында Елена маусымда 300 эйс жасап, WTA турындағы көшбасшы атанды. Осы ерекше жетістігі үшін журналистер…

Толық оқу

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Пәкістан тауларында қаза тапты

Лаура Дальмайер. Фото: instagram.com/laura_dahlmeier Неміс биатлонының аңызына айналған спортшы Лаура Дальмайер Пәкістанның тауларында қайтыс болды, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған Qazaq Today ақпарат порталы.  Оның менеджерлері 31 жастағы спортшының қазасын растады. Қайғылы оқиға 28 шілде күні Каракорум тау жотасындағы Лайла-Пик шыңында болған. Екі дүркін Олимпиада чемпионы тас көшкінінің астында қалып, мерт болған. Құтқарушылар оны…

Толық оқу

«Мәмбетәлиевтің орнына Кравец»: «Барыстың» жаңа бас бапкері Ресейден келеді

Фото: пресс-служба ХК «Куньлунь РС» Ресейлік маман Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері атанады. Маман келісімшартқа қол қою үшін Астанаға келеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. Өткен маусымда 61 жастағы Кравец Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын жаттықтырған болатын. Бейжің командасы ҚХЛ-ның Батыс конференциясындағы 68 ойында 62 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орынды…

Толық оқу

ФИФА Қазақстанда 100 футбол алаңын өз қаржысына салып береді

Фото: Getty Images Бұл туралы ҚФФ президенті Марат Омаров «Спорттық орда» басылымына мәлімдеді. «Бірінші рет тарихымызда біз ФИФА тарапынан Қазақстан мектептерінде 100 шағын футбол алаңын салуға рұқсат алдық — және бұл алаңдардың барлығы ФИФА қаржысы есебінен салынады. Әңгіме спорт залы да, алаңы да жоқ ауыл-аймақтар мен шағын қалалар туралы болып отыр», — деді ҚФФ басшысы….

Толық оқу

UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді

Фото: instagram.com/ufc Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында UFC турнирінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласынан басым түсті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, бұл Асу Алмабаевтың UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегі. Ол осыған дейін төрт айқасында жеңіске жетіп, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын. —…

Толық оқу