«5 млн теңге»: Алматы облысында «Алатау арланы» анықталды
Алматы облысында жаурыны жерге тимеген балуандар белдесуі өтті, деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Алатау арланы» деп аталған білектілер додасы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдаманы сарапқа салу үшін ұйымдастырылған. Аталған жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Алматы облысы білекті де, жүректі балуандарға кенде емес. Тұңғыш Қазақстан…
