Александр Бублик екінші рет Монпелье турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: Sports.kz Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі финалда әлемнің 37-ракеткасы, хорватиялық, 27 жастағы Борна Чоричпен бетпе-бет келді. Хорватиялық спортшы осыған дейін Марракеш, Галле және 2022 жылы Цинциннати мастерс турнирінде үздік шығып, әлемдік рейтингіде 12-орынға дейін көтерілген еді. Қарсыласынан бір жас…
