«Мбаппе футболкасын сыйға тартты»: Реал ойыншылары ерекше баланың арманын орындады (ВИДЕО)
Фото: коллаж Sn.kz «Реал» футболшылары «Қайратпен» матч алдында қазақстандық ерекше бала Санжардың арманын орындады. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада испандық алпауыттың жұлдызды ойыншылары ойын алдындағы жаттығу кезінде Санжарды жан-жағынан қолдап, ерекше көңіл бөлгені көрсетілген. Футболшылар, өздерінің бапкері Хаби Алонсоның бастауымен, Санжармен суретке түсіп, оған қолтаңбаларын қалдырды.
