Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Мемлекет басшысы спортшыға құттықтау хат жолдаған. «Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен…
