Category Archives: Спорт

«Ер адамға ұқсайды»: Қазақстан волейбол федерациясы вьетнамдық спортшының жынысына күмәнданды

Қазақстан волейбол федерациясының өкілдері Вьетнам әйелдер құрамасының волейболшысы Нгуен Туеннің жынысына күмәнданып отыр. Олар спортшының ағзасындағы тестостеронды тексеруді талап етіп, әлемдік федерацияға хат жолдамақ, деп хабарлайды Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасаған Qazaq Today агенттігі.

Мамырда волейболдан ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы финалда Вьетнамнан жеңіліп қалған болатын. Вьетнамдық волейболшы Нгуеннің жынысы Қазақстан волейбол федерациясының өкілдеріне күмән туғызған. Өйткені оның іс-қимылы әйелден гөрі, ер адамға ұқсайтын көрінеді.

«Біз матчты қайта ойнатуды немесе ойын нәтижесін қайта қарауды сұрамаймыз. Турнир кезінде ол өзінің қыз екенін дәлелдейтін анықтама әкелген. Тіпті, оның суретін де менің жекеме жіберді. Шамасы, оның гармондық жүйесінде үлкен өзгерістер болған сыңайлы. Біз оның ағзасындағы тестостеронды тексеруді талап етіп, әлемдік федерацияға хат жолдаймыз. Біздің бас бапкердің айтуынша, оның соққысы, допты қабылдауы – барлығы ер адамға ұқсайды», — деді федерацияның вице-президенті Ермек Сырлыбаев.

Айта кетейік, 24 жастағы Нгуен Туен Вьетнам – Қазақстан ойынында 26 ұпай жинап, MVP (ең бағалы ойыншы) атанды.

Фото: asianvolleyball.net

Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турниріндегі жеңісті жолын жалғастыруда. Отандасымыз үшінші айналымда әлемдік рейтингте 91-орында тұрған польшалық  Каролина Возняцкиді ұтса, төртінші кезеңде әлемдік рейтингте 18-орында тұрған, ресейлік Анна Калинскаяны екі сетте ұтты. Енді Рыбакина ширек финалда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Элина Свитолинаға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін  Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген Юлия Путинцева төртінші кезеңде Елена Остапенкодан ұтылып қалды.

Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалының жолдамасы үшін Түркия мен Нидерланды құрамасы өзара мықтыны анықтады.

Түркия мен Нидерланды құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финал аясында кездесіп, нидерландықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның 35-минутында Акайдын Самет қарсылас команданың қақпасын баспен тамаша гол соғып, түріктер адға шығарды. Түркия құрамасы осы басымдығын барынша ұстап қалуыға тырысты. Бірақ Нидерланды құрамасы толассыз шабуылдар ұйымдастырып, ақыры 70-минутта Де Врей Стефан баспен гол соғып, діттегеніне жетті. Араға 6 минут салып. Мерт Мюлдир өз қақпасына гол соғып алып, Нидерландыға жеңіс голын сыйлады. Осылайша Нидерланды құрамасы жартылай финалға шыққан төртінші команда атанды.

Айта кетейік, Нидерланды жартылай финал аясында Англия құрамасына қарсы ойнаса, Испания мен Франция өзара мықтыны анықтайды. Жартылай финалдық матчтар 9-10 шілде күндері өтеді.

Уимблдон: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды — 6:3.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді — 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті — 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті — 6:3 әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.

Фото: championat.com

Мбаппе Роналдуға деген «қызғанышы» туралы шешуші матч алдында пікір білдірді

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдуға деген қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Еске салайық, Франция мен Португалия құрамалары Еуропа чемпионатының ширек финалында кездеседі. Матч 5 шілдеде Германияның Гамбург қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады.

«Бұл мен үшін үлкен құрмет, бәрі оның мені қалай таңдандырғанын біледі. Біз әлі де байланыстамыз. Ол футболдың аңызы болып қалады, бірақ біз ертеңгі жеңіске үміттенеміз. Мен оған не үшін қызғанамын? Оның бар екенін және кім болғанын бағалау керек, ол бірегей ойыншы. Оның түйіндемесі өзі туралы айтады. Мен оны құрметтеймін. Мұндай ойыншы жалғыз. Мен тек өз жолыммен жүргім келеді. «Реалда» өз тарихымды жазуға үміттенемін, бірақ ол басқаша болады», — деді Мбаппе RMC Sport-қа.

Еуроның басқа ширек финалында Испания — Германия (5 шілде), Англия — Швейцария және Нидерланды — Түркия (6 шілде) кездеседі.

@mbappegoals10 ❤️ #mbappe #cristiano #ronaldo ♬ Originalton — mbappegoals