Головкин Парижде қазақ боксшыларымен кездесті

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада қалашағында бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Геннадий Головкин қазақстандық боксшылардың Олимпиада қалашығындағы жаттығу залына барып, оларға қолдау білдірген. Сондай-ақ Головкин Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, қазақстандық спортшыларды қолдауға әрқашан дайын екенін жазды. Париж Олимпиадасында бокс бәсекелері 27 шілдеде басталады. Жарысқа Қазақстан ерлер құрамасы толық…

Толық оқу

Париж көшелеріне қазақ боксшыларының фотосуреті ілінді

фото: instagram.com/boxingkazakhstan Қазақстандық боксшылардың фотосы Олимпиада қарсаңында Париж төріне ілінді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Атап айтқанда, қазір Париж көшелерінде Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосы тұр. Еске сала кетсек, қазақ боксшылары Парижге 21 шілдеде аттанған болатын. Олар Францияға Алматы әуежайынан ұшты. Бортта 10 олимпиада үміті, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ…

Толық оқу

Рекорд: Париж Олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге  Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деп түсіндірді ол. Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Бұған дейін ең көп…

Толық оқу

Біз қайда барсақ та қазы-қарта, құрт-майымызды ала барамыз – Мырзағали Айтжанов

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов шетелге жарыстарға шыққанда өздерімен бірге қазақтың қандай ұлттық тағамдарын ала баратынын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Естеріңізде болса, Мырзағали Айтжанов осыған дейін Парижге аман-есен жеткенін, бүгін Олимпиада қалашығындағы алғашқы жаттығуларын бастайтынын айтып берген еді. «Парижден алғашқы ас-суымызды іштік. Тағамдары ұнады. Өз басым осымен Олимпиада ойындарына бесінші…

Толық оқу

Париж олимпиадасында екі қазақстандық төрешілік етеді

Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко кірді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан теннис федерациясының дерегіне сенсек, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер. Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі. Олимпиада ойындарында…

Толық оқу
Яндекс.Метрика