Париж Олимпиадасы: 30 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы Қазақстан спортшыларының 30 шілдеге арналған жарыс кестесі жарияланды. Жарыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Кесте Астана уақытымен көрсетілген. XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарын Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.  

Толық оқу

Париж 2024: Триатлон жарысы өтпеуі мүмкін

2024 жылдың 29 шілдесінде Парижде өткен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарында триатлоншылардың Сена өзенінде жүзу жаттығулары екінші рет тоқтатылды. Оған себеп – судың сапасыздығы, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Триатлоншылардың жаттығуларының тоқтатылуымен ұқсас оқиға 28 шілдеде болды. Бәсекелестік процестің алдын ала болжамдары оптимистік болды, өйткені су шомылу үшін таза деп саналды. Алайда соңғы бірнеше күн бойы…

Толық оқу

Данияр Шамшаев өзбек балуанынан жеңіліп қалды

Фото: Olympic.kz  Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  73 келі салмақта сынға түскен Данияр Азия Ойындарының жеңімпазы өзбекстандық Муроджон Юлдошовтан ескерту саны бойынша жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Толық оқу

Елдос Сметов финалда даңқты жапондық дзюдошының кимоносын киіп шыққан

Фото: Наохиса Такатоның парақшасынан Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалдық белдесуінде жапонның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Такато әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  «Елдос Сметов мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп шығып, чемпион атанды», — деді ол өз жазбасында. Айта кетейік, Елдос Сметов пен Наохиса Такато Рио…

Толық оқу

Назым Қызайбай: Алғашқы жекпе-жек қашан да қиын соғады

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.  «Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр. Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты….

Толық оқу
Яндекс.Метрика