Алжир тарапы италиялық әйелмен жұдырықтасқан боксшысының трансгендер екенін жоққа шығарды: Спортшының әкесі туу туралы куәлігін көрсетті
Желіде Париж Олимпиадасында италиялық боксшы алжирлік трансгендермен жекпе-жекке шықты деген ақпарат тарап, көпшілік сынға алды. Алайда алжирлік спортшы Иман Хелифтің әкесі оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді. Алжирлік боксшы Иман Хелифті көпшілік биологиялық ер адам және оны жасырып жүр деп айыптады. Ол бұған дейін гендерлік сынақтан өте алмай, әлем чемпионатынан шеттетілген еді. Биыл…
