Мырзағали Айтжанов бастаған бокс бапкерлері түгел орындарын босатты
Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Qazaq.today Бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. «Федерация мәліметінше, Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілген. Соның нәтижесінде бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды, — делінген хабарламада. Осылайша, мынадай өзгерістер болды: Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және…
