Спорт министрлігін басқарған Ермек Маржықпаев бокспен айналысқан сәтін көрсетті
Фото: instagram.com/ermek_marzhyqpaev Туризм және спорт министрлігін басқарып, Париж олимпиадасындағы спортшылардың сәтсіздігінен кейін қызметінен босатылған Ермек Маржықпаев Instagram парақшасында естелік суреттерін жариялады. Экс-министр спорттық жиындарда жүрген сәтін еске алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. “Жастық шағым, Қазақ КСР бокстан жастар құрамасы, 1986 жыл”, – деп жазды ол. Айта кетейік, Ермек Боранбайұлы – бокстан спорт шебері. КСРО тұсында…
