Қазақстандық көкпаршылар қырғыздармен қарымта кездесуге бара ма?
Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының нәтижесіне және қазақ-қырғыз арасында өткен финалдық ойында туындаған пікірталасқа қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тыңғылықты дайындалды. Көшпенділер ойындарына дайындық ретінде спортшыларымыз 6 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Соңғы 5 оқу-жаттығу жиыны аттармен және спортшыларға сай келетін…
