Category Archives: Шоу-бизнес

«Мұздайын деген жүрегімді жібіттің»: Тамара Асар ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

Фото: @tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар қызын туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Алланың берген АЖАРЫ, амандығыңмен бақытыңды қызықтауды жазсын.
Үзілейін деген үмітімді жалғаған,
Мұздайын деген жүрегімді жібіткен, ШҮКІРГҮЛІМ-ау!
Бапасының жүрегі, мамасының тілегі, ағаларыңның артынан ерген өрісі денің сау, бауырың бүтін, өміріңнің еркетайы бол балапаным…», — деді әнші қызының видеосын жүктеп.

Тамара Асардың қызын туған күнімен құттықтап бір топ өнер өкілі жылы лебіздерін арнады. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина мен Баян Алагөзова да бар.

«Осыған дейін көз жұмып келдім»: Қарақат Әбілдина шығынға батқанын айтып, ашуланды

Фото: instagram.com/karakat_a

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Алматыда өтетін іс-шараға қатыса алмағанына әуе компаниясын кінәлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Stan.kz мәліметінше, эстрада жұлдызы үш ай бұрын мәдени іс-шараға шақырылып, билет алынып қойған.

“Өзім дау-дамай қуатын, бүлік іздейтін адамдардың қатарынан емеспін. Қаншама жыл ұшып жүрміз. 2-3 сағатқа кешігу дегендерге түсіністікпен қараймыз. Бірақ кеше қатты ашуландық. Осы уақытқа дейін көз жұмып келген едік. Бәріміздің ашу-ызамызға тиді. Күні бойы отырғанда мені таңғалдырғаны, басшылықтан бір адам шығып, жағдайды түсіндірген жоқ. Өтірік болса да, “кешіріңіздер” деп ыстық шайын ұсынған жоқ. Біз қатысатын іс-шараның маңызды екенін, халықтың күтіп отырғанын жеткізуге тырыстық. Тіпті, жетудің басқа да жолдарын қарастырған жоқ. Тек уақытты кейінге шегере берді. Еліміздің беткеұстар әуекомпаниясы болғасын, жолаушылар тарапынан сенім болады. Бірақ олардың тұтынушыларға бейжай қарайтыны қатты қынжылтты. Кеше қатты қапа болдым. Олар үшін рейстердің кешіккені қалыпты жағдайға айналып кеткен. Ешкім басын ауыртып жүрген жоқ. Алдын-ала ескерту деген жоқ, 4 сағат бұрын отырғызып қойды. Әуежайда 10 сағат бойы ұшатын уақытты күтіп отырдық. 20:40-та ұшатын ұшақты 22.10-ға алмастырды. Іс-шараның соңына болса да үлгереміз деген үмітіміз сөнді де қалды”, – деп ашуланды әнші.

Өнер иесінің айтуынша, Алматыдағы іс-шара үш ай бұрын жоспарланып қойған көрінеді. Ұйымдастырушылар алдын-ала гонорарларын да жіберген.

“Осы жолы үлкен іс-шарадан қалдық. Ақысы төленіп, үш ай бұрын билет алған едік. Енді ұйымдастырушылар бізден гонорарды қайтаруымызды талап етіп отыр. Бұл жерде біздің қандай кінәміз бар?! Шақырып жатқан жақтың қандай кінәсі бар?! Сұрақ көп, жауап жоқ. Әр адам өз өмірін жоспарлайды. Бір компанияның кесірінен, қаншама адам шығынға батты. Біздің қонақүйіміз де төленіп қойған еді. Сонда бұл жағдайда Air Astana жауапқа тартылмай ма?! Маған берген жауаптарын жеке парақшамда бөлісіп қойдым. Жаттанды сөздермен жазып жіберіпті. Бірақ кеткен шығынды кім өтейді?! Неге адамдар осындай қолайсыздыққа тап болады?! Жауаптарына қанағаттанып отырған жоқпын”, – деді эстрада жұлдызы.

«Үш жылда – 3 бала»: Дина Төреәлі жүктілігін жариялаймын деп қызу талқыға түсті

Танымал блогер Дина Төреәлі халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі жұлдызы үшінші перзентіне жүкті екенін көрсетті.

“Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір», — деп жазды Дина Төреәлі.

Одан кейін әпкесі, блогер Фариза Төреәлі де сіңлісіне қолдау білдірді.

“Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін!”, – деді Фариза.

Алайда желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі жүкті ананы қолдаса, енді бірі денсаулыққа зиян келетінін ескертті.

“Үш жылда – 3 бала, не деген батылдық», «20 жасында жоғары білім алмай, үшінші бала туу керек пе?! Анаға денсаулық тілеймін. Бірақ жас қыздар өздерін тек бала туатын инкубатор ретінде көрмей, Алланың бойына берген талантын, білімі мен қасиеттерін дамытып, тұлға болып қалыптасып, 25 — 28 жастарында ғана отбасын құрып бала туса жақсы болар еді», «Динаны “туғыш әйел” ретінде көретін едім», «Күтімі бар, үйлерінде күтушісі бар, денсаулықтарына жақсы қарайтын, қаржылай қиындығы жоқ осындай отбасында қайта бала көп болса жақсы ғой», «Отбасында жалғыз ұл ғой жолдасы дұрыс тұқымын көбейтсін, аман-есен босанып алсын», “2022 жылы тұңғышымды дүниеге әкелдім. Екіншісін әлі ойланып жүрмін”, – деп жазды олар.

«15 жылдан бері үйі болмаған»: Дариға Бадықова әпкесіне үй сыйлады

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Танымал актриса Дариға Бадықова әпкесіне үй сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, Таразға арнайы барып, әпкесіне үйдің кілтін сыйлаған.

“Жарық көретін киномның желісі үйсіз қалған отбасы туралы еді. Бүгін 15 жылдан бері үйі болмаған әпкеме үй сыйлағым келеді. Түрлі жағдай басынан өтті. Арнайы Таразға барып, әпкемізге табыстадық. “Ыстық ұя” фильмінің түсірілімінде үйсіз қалған отбасыға үй сыйласам деген ой келген. Бүгін арманым орындалып тұр. Ешкімге айтпай сюрприз жасадым. Бақыт әпке қуаныштан не істерін білмеді. Бір күлді, бір жылады. Қуанышты бөліссең көбейеді. Баршаңызға жұғысты болсын”, – деп жазды актриса.

Сондай-ақ кино жұлдызы үйдің су жаңа иесі өзінің әпкесі екенін жасырмады.

“Бақыт әпке – анамның туған бауыры. Анам ылғи “Әпкең үйсіз жүр. Сол жаныма батады” дейтін. Садақаны алыс адамға бердің бе, жақыныңа бердің бе, өлшенбейді. Бір реті келер, ақшаның ыңғайы болғанда көрерміз деп жүр едім. Бақыт тәтеге сыйлағым келді. Үйдің құжатын қолына бердік. Сыйлық сыйлау – адамның жүрегіне жылулық береді екен”, – деді кино жұлдызы.

Димаш Құдайберген жағымды жаңалығын жариялады

Фото: dimashnews.com

Қыркүйек айында Қазақстанда Қытай-Қазақстан бірлескен жаңа халықаралық музыкалық жобаның түсірілімі басталады. Жобаға әлемнің әр түкпірінен вокалистер қатысып, елдің ең әсем аймақтарына саяхат жасайды. Продюсерлік жұмысты әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атқарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Түсірілім 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтпек. Жоба халықаралық арналар арқылы бүкіл әлемге таралып, миллиондаған көрермен Қазақстанның сұлулығын және түрлі елдердің жаңа орындаушыларын тамашалауға мүмкіндік алады.

Шамамен он жыл бұрын менің Hunan TV-дегі сапарым «Әнші» шоуынан басталған еді. Бүгін мен халықаралық шоуды жасаушы ретінде жаңа рөлде оралып отырмын. Бұл – бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастық пен музыка тарихындағы жаңа тарау, – деді Димаш Құдайберген.

Әнші сондай-ақ жобаның жүзеге асырылуы Қытайдың ірі медиа-холдингтерінің бірі Hunan TV-мен серіктестік аясында жүріп жатқанын атап өтті.