Category Archives: Шоу-бизнес

«Ауыр комплекс»: Жахан Отарғалиев өз есімінен қатты ұялатынын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал актер Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі бала күнінде танысқан адамдардың күлкісіне қалған.

“10-11 сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Сол кезде қыздармен танысамыз. Жахан десем: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Содан бері атымнан ұялдым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Мен үшін ауыр комплекс болған”, – деді актер.

Кино жұлдызының сөзінше, бүгінде атағы шыққан актерге айналғанын мақтанышпен айтатын көрінеді.

“Есен Елеукен – өнердегі әкем. “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Киноларымның арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп таниды. Соған қуанамын. Демек, сен жаман деп ойлаған істе сен үшін үлкен хайыр бар екен. Ол негатив те позитив те болуы әбден мүмкін”, – деп жазды кино жұлдызы.

Алматылық блогер табытта жатып тікелей эфирге шыққан (ВИДЕО)

Коллаж: stan.kz

Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматыда бір блогер TikTok-та қаралым жинау үшін шектен шыққан «эксперимент» жасады. Ол өзін жерге көміп, сол жерде бір тәулік өткізіп, тікелей эфир жүргізген.

Айтуынша, бұл әрекетті ол тек контент үшін жасаған. «Адам мұндай жағдайда өмір сүре ала ма?» дегенді сынап көргісі келген. Бірақ шоу шын мәнінде қауіпті жағдайға айналып кетті. Видео тез таралып, тек оқырмандардың ғана емес, полицияның да назарын аударды.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексеруге кіріскенін растады.

«Дайын тұрғандарын көшіріп қоясыз ба?»: Сәкен Майғазиевтің жазбасы желіде трендке айналды

Фото: @saken_maigaziyev

Әлеуметтік желілерде әнші Сәкен Майғазиевке байланысты жаңа тренд тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұған оның жақында лифт ішінде қалып қойғаны жайлы жазбасы себеп болған.

«Лифт тоқтап қалды. Менің алтындарым, бәрі жүгіріп жүр, уайымдап жатыр. „Қазір шығарамыз, ешқайда кетпеңіз“ дейді. Қайда кетейін?» — деп жазды әртіс өз парақшасында.

Майғазиевтің жазбасына тулардан бастап, түрлі белгілерге, тағам, жануарлар мен тұрмыстық заттарға дейін созылған ұзын-сонар эмодзилер қатарласып жүрді. Дәл осы жайт қызу талқылаудың бастауына айналды. Әншінің жазбасынан кейін оқырмандар жүздеген пікір қалдырып, оларды смайликтерге «көміп» тастады. Кейбірі әзілмен:

– «Сәкен аға, шықтыңыз ба?»,
– «Әлде лифтіден тікелей эфир керек шығар»,
– «Сіз әр жазбаға смайликтерді арнайы таңдайсыз ба, әлде дайын тұрғанын көшіріп қоясыз ба?» – деп сауал тастады.

Ал кейбір желі қолданушылары әртістің «ешбір смайликті ренжітпей, бәрін бірдей молынан қолданатынын» айтып, әзілге қосты.

Көп ұзамай бұл жазба желіде кең тараған мемге айналды. Қолданушылар әдейі жазбаларын эмодзилерге «толтырып», жаңа посттар шығара бастады. Ленталарда мынадай жазбалар пайда болды:

– «Мында тіпті нағыз эмодзи шеруі болып жатыр ғой»,
– «Осы смайликтерді ешкім қолданбайды екен, өзімдікі қылып пайдалана салдым. Олар да өздерін керек сезінсін».

Осылайша, әртістің лифт ішінде қалып қойған оқиғасы жергілікті мемге айналды.

Біраз уақыттан кейін Сәкен Майғазиев қайта хабарласып, лифтіден аман-есен шыққанын түсіндірді. Асығыстықпен оны бірден айтуға да ұмытып кеткенін жеткізді.

«Лифтіден аман-есен шыққанымды айтуды ұмытып кетіппін. Барлығыңызға үлкен рақмет! Сіздер ешқашан лифт ішінде қалып қоймаңыздар деп тілеймін», — деп жазды әртіс.

«Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды

Фото: @zabirova

Танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желіде анасынан айырылғанын айтып, суық хабар жеткізді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Анашым… Жұмағым… Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес.

Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі менің жүрегімдесің!

Біз сені жақсы көреміз, жаның жұмақтың төрінде шалқысын», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің анасының өмірден озуына байланысты көңіл айтып, өнер иесіне қолдау көрсеткен. «Анаңыздың жатқан жері жарық болсын, иман байлығын берсін», «Бекем болыңыз, анаңызға қатты ұқсайды екенсіз», «Иманды болсын» деп жазды олар.

«Не істей аласыңдар?»: Әнші Бүркіттің қарындасы өзге ұлт өкілімен көңіл жарастырмақшы (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/assel.askar

Танымал актриса Әсел Асқар жеке өміріне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Актриса әрі блогер шетелдік азаматтың етегінен ұстайтынын ашып айтты.

«Қазақтың жігіті бұйырмады. Екі рет талпынын көрдім, өздеріңіз куәсіздер. Келіспейді екен. Енді тез арада дене бітімімді қалыпқа келтіріп, төсімді жасатуым керек. Жасару қажет. Алайда шетелдік жігіттері жасқа қарамайды. Қанша балаң барына да мән бермейді. Кеттім Мадридке. Не істей аласыңдар маған? «Ойбай, кете бер, кімге керексің» деп жазбаңдаршы, өтінемін. Әлем аруы болған испандық қыз келсе, өздерің де жүгіресіңдер», — деді ол.

Әсел Асқардың бұлай айтуына «Реал Мадрид» клубының ойыншыларының Алматыға келетіні себеп болған.