Category Archives: Шоу-бизнес

Әлем чемпионаты: Шаршы алаңға қазақ боксшылары қашан шығатыны анықталды

Фото: ҚР Бокс федерациясы

World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

ҚР Бокс федерациясы боксшылардың алғашқы жекпе-жегінің уақытын жариялады.

4 қыркүйек

22:00

54 келі. Элина Базарова

90 келі. Сағындық Тоғамбай

5 қыркүйек

15:00

57 келі. Карина Ибрагимова

65 келі. Аида Әбікеева

6 қыркүйек

15:00

70 келі. Төрехан Сабырхан

22:00

60 келі. Бибарыс Жексен

60 келі. Виктория Графеева

75 келі. Надежда Рябец

7 қыркүйек

15:00

55 келі. Махмұд Сабырхан

80 келі. Нұрбек Оралбай

22:00

65 келі. Ертуған Зейнулинов

70 келі. Наталья Богданова

8 қыркүйек

16:00

80 келі. Гүлсая Ержан

22:00

75 келі. Сабыржан Аққалықов

+90 келі. Айбек Оралбай

9 қыркүйек

16:00

51 келі. Алуа Балқыбекова

22:00

85 келі. Бекзат Нұрдәулетов

48 келі. Назым Қызайбай

10 қыркүйек

16:00

+80 келі. Елдана Талипова

*Қазақстан уақыты көрсетілген.

 

«Арзан көрініп тұр»: Танымал блогердің дизайнерлік пәтері талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында үйінің видеоларын бөлісті.

“Жаңа үйімізге қош келдіңіздер! Бәріңізге жұғысты болсын! Әне-міне деп пәтерімізге көштік. Үйдің көлемі 182 шаршы метр. Сіздерді кіреберіс пен үлкен айна күтіп алады. Өзімізден бөлек келетін қонақтарымыздың да жағдайын жасауға тырыстық. Оларға арналған ұйықтайтын бөлме, қол жуатын жер бар. Байқасаңыздар, үйдің ішіндегі жиһаздардың бәрі сұр түсті. Өйткені біздің қызымыз кішкентай. Бала болғасын заттарды кір қолдарымен ұстайды. Негізі, дизайнердің көмегіне сүйендік. Қонақ үйде тұрғандай сезімде болғымыз келді. Ойымызды дизайнерге айтып едік, бірден жасауға кірісті. Байқасаңыздар, қонақ үйдің атмосферасын береді. Жақындарымызды шақырып қоныс той жасап жатырмыз. Ас үйге үлкен шкаф алдым. Өйткені қонақ шақыратын болғасын ыдыс-аяқ көп керек. Артық заттарды сақтайтын арнайы бөлме де жасаттым”, – деді Мерей.

Желі қолданушыларынығ пікірі екіге бөлінді. Бірі үйге оң баға беріп жатса, енді бірі көңілдерінен шықпағанын айтты.

“Үйімнің ремонтын өзгерткім келді”, “Қанша ақша кетті екен?!”, “Шаңырақтарыңа береке кірсін”, “Іші жанға, сырты малға толы берекелі үй болсын! Әр біз қазағыма осындай үй бұйырсын”, “Үйде ұсақ-түйек, артық заттар көп сияқты”, “Залының дизайны арзан көрініп қалды”, “Барлығы талғаммен, әдемі әрі сәнді жасалған”, – деп жазды көпшілік. 

Анасын арқалаған Ердос Қанаевтың әрекеті елді тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Өнер жұлдызы Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Әнші анасына деген алғысын ерекше сөздермен жеткізді:

«Мен көтеріп жүрген – анам емес, жүрегімнің қалауы. Ана жақсылығын арқама көтеріп қайтару мүмкін емес. Бірақ бұл – анамның ақ сүтін ақтауға деген талпынысым, Алланың разылығына ұмтылысым ғана.»

Ол сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің әке өнегесімен де тығыз байланысты екенін атап өтті:

«Мен ғана емес, біздің үйде әкем де анама ерекше құрметпен қарайтын. Бірде анашым қатты ауырып, отаға мұқтаж болғанда, әкем қасына келіп: «Алла өміріңді ұзақ әрі берекелі етсін, әрдайым біздің басымыздан жоғары болып жүре бер» – деп дұға етті де, сел қозғағандай қатты жылады. Бұл сәт мен үшін адалдықтың ең үлкен сабағы болды.»

«Әр қызға гүл бергенше, әйеліне бермей ме»: Қайрат Нұртас жұртты тағы да шулатты (ВИДЕО)

Коллаж: qazaq.today

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіні тағы да дүрліктірді. Бұл жолы ол сахнадағы әріптесі, әнші Назимаға бір құшақ гүл сыйлаған сәті жұрт назарына ілікті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Желі қолданушыларының бір бөлігі мұны алдағы уақытта жарық көретін бейнеклиптің түсірілімінен үзінді деп болжауда. Ал енді бірі «жақында бесінші рет ана атанған жұбайына сыйлағаны орынды болар еді» деген пікір қалдырды.

– «Бұл не болғаны? Жұлдыз ба деп қуанып отырсақ»
– «Қайраттың Жұлдызға қашан гүл беретініне әлі күтіп жүрміз»
– «Ана жақта әйелі босанып жатыр, бұл болса…»
– «Әр қызға бергенше, әйеліне бермей ме» – деп жазды пікір иелері.

Кейбір жанкүйерлер Қайраттың жұбайына арнаған сыйы деп ойлап қалғанын да жасырмады.

Ал нағыз жанкүйерлердің бірі бұл жағдайды өлең жолдарымен жеткізген:

«Ауыр сөз айтылғаны бейберекет,
Жеке өмір – Қайраттың өз еркі, өз әдет.
Гүл сыйлады деп жаман ойға бармаңыз,
Назимаға әріптестік сыйластықтан ғана жет».

«Атымды хайп пен қаралымға пайдаланды»: Ерке Есмахан өзінің өміріне араласқан Ләйлә Сұлтанқызы сынады

Коллаж: qazaq.today

Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызына ашық ренішін білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Жуырда Ләйлә Сұлтанқызы өзінің YouTube арнасында пластикалық хирургтарды қонаққа шақырып, отандық жұлдыздардың қайсысы қандай ота жасатқаны туралы сұхбат жүргізген еді. Дәрігерлердің әңгімесінде Ерке Есмаханның есімі де аталған.

Дәрігерлердің айтуынша, ол жағына, көзіне пластикалық ота жасатқан. Қазақстанда сұраныс жоқ болғандықтан, Кореяда жасатқаны туралы болжам айтты.

Бұл жағдай әншінің шамына тиген сияқты. Ол өзінің сторисінде Ләйләға тікелей жазып, мұндай қадамды күтпегенін мәлімдеді:

«Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұхбаттастарыңыздың айтып отырған қорқынышты нәрселерінің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас әпкем ретінде өтірікке жол бермей, қорғаудың орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды», – деді Ерке.

Сондай-ақ ол өзінің артынан айтылған әңгімелерге мән бермейтінін, алайда жақын адамдардың атын хайп пен қаралым үшін пайдалануын құптамайтынын айтты.

«Өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін!», – деп жазды ол.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік Еркені жақтап жатыр. Ал Сұлтанқызы тарапынан әзірге жауап берілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?