Category Archives: Шоу-бизнес

«Бір миллион кетті»: Ақбота-Нұр баласын мектепке қалай дайындағанын айтты

Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет екі баласының мектепке қажетті заттарына қанша қаржы жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер жұлдызы өз сөзінде балаларына қандай заттар алғанын тізбектеп айтып шықты.

«Костюм-шалбары, мектепке керекті құралдары, спорт киімдері – осының бәрін есептеген 1 миллион теңгенің ар жақ, бер жағы кетті», – дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларын таң қалдырмай қоймады.

«Миллион дей ме? Бізге берсе балаларымның бәрін киіндіріп, өзіміз киініп, оған қоса азық-түлік аламыз ғой», «Менің 4 балама 150 000 тг кетті десем, талып қалатын шығар», «Миллионға не алып жүрсіңдер соншама», «3 балама 200 мың теңге болды, шүкір, жеткіздік», «Әнші боламыз ба, не істейміз?» – деп жазды желі қолданушылары.

«Қарындасына жол берді»: жуырда ғана босанған Ерке Есмахан көп ұзамай қызды болатынын жеткізді (ФОТО)

Фото: Instagram/erke_esmakhan

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде тағы да қызды болғысы келетінін айтып, оқырмандарымен ашық сөйлесті, деп жазады Qazaq.today.

Оқырмандарының сұрағына жауап берген Ерке Есмахан көп ұзамай сәбилі болатындарын жеткізді.

«Екі ұлдан соң, Құдайдан қыз тілеп жүрміз. Алланың бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы дені сау болсын. Исламок ембейді. Ол уже жігіт, қарындасына жол берді», — деп жазды әнші.

Көпшілік жұлдызды жұптың отбасында көп ұзамай тағы да қуанышты жаңалық болады деп топшылады.

«Жұлдыздай бола алмайды»: Қайрат Нұртас ақ көйлек киген арумен көзге түсті

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың қалыңдық көйлегімен түскен қызбен түскен бірнеше видеосы тарады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Жансұлу Әнуар есімді қыздың парақшасындағы видеоларынан Қайрат Нұртаспен арнайы фотосессия жасағандарын байқауға болады.

Сонымен қатар, оның махаббат жайлы жазбалары көпшілікті алаңдатып қойды.

«Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен», «Екінші әйелі осы шығар», «Не болып жатыр мына жақта», «Жай жарнама секілді», «Байлық не істетпейді», деп жазды желі қолданушылары.

«15 күннен бері күтіп жүрміз»: Гүлзира Айдарбекова шампунь сатамын деп сынға қалды

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова шампунь сатамын деп халықтан сөз естіді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Продюсердің оқырмандары тауардың қолдарына әлі тимегендеріне наразы.

“Гүлзира ханым, шампуньды неге әлі ала алмай отырмыз? Мұныңыз неткен жауапсыздық?! Әр нәрсе жауапкершілікпен болады. Ойынның өткеніне 15 күн болды. 15 күннен бері күтіп жүрміз. Ауызбен ғана айтып отырсыз. Әлі қанша күн күтейік?! Тауарды уақытында сала алмасаңыз неге сатуға шығарасыз?! Неге ұтыс ойынын ойнаттыңыз?! Нөмерлердің ешқайсысы жауап бермейді. Хабарлассақ сөніп жатыр. Ісіңізге жауапкершілік танытсаңыз екен. Чекті де жібердік. Бірақ хабарлама келген жоқ. 3 рет төлем жасадым. Қашанғы күтуге болады. Ендігі сөзіңіз өтпейді. Сылтауды қойыңыз. Ұят емес пе?! Ойынның ертеңіне немесе бір аптадан кейін сұрап отырғанымыз жоқ. Бақандай жарты ай өтті. Тауарымды салып жіберуіңізді талап етемін”, – деп жазды желі қолданушысы.

“Байлықтың иісі” бар деп сусабын сатқан продюсер ел алдына шығып, оқырмандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Ешкім алмай қалмайды. Телеграмға чек жібергеннен кейін хабарлама барады. Сол жерде қай жерден алып кету керегі жазылған. Бүкіл тауар әр қалаға жөнелтілді. Әр шампуньға 1500 теңге төледім. Мен атыма кір келмеуін қалаймын. Міндетті түрде тауарды қолыңызға аласыз. Көп адам чекті қайда жіберу керегін түсінбей жатыр. Сосын осындай қолайсыздықтар болып жатыр”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

«Қызық емес»: Талғат Теменов шәкірті Баянның кешірім сұрағаны туралы

Коллаж: sn.kz

Театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов QazaqAIRAN-ға берген сұхбатынла Баян Алагөзова туралы сөз қозғады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сұхбатында өнердегі жолын ашқан ұстазы Талғат Теменовтен кешірім сұраған еді. Режиссер журналистің арадағы реніш туралы сұрағына атүсті жауап берді.

«Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді. Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрағанынан, кешірім сұрамағанынан не өзгерді? Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашан да оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін», — деді ол.