Бұл туралы Бағлан Әбдірайымовтың парақшасында жазған.
Ал Бағлан Әбдірайымов көлігін өртеймін деп бейнежазба жариялаған болатын.
«Достар, көлікті өртеп жібереді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі көлігіміз бар. 30 адамның 100 мың теңгеден қарызын жабамыз деген ниеттеміз», – дейді ол.
Әбдіжаппар Әлқожа оған пікір қалдырған.
«Алатау ауданы әкімшілігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз! Көрдік өрт жаққанды. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық», – деп жазды ол.
«Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» деген әнші Ұланғасыр Қамидың басы дауға қалды.
КазТАГ ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева (Фейсбук желісінде Саида Кастанеда) әнші Ұланғасыр Қамиге қоғамда араздық тудырғаны үшін арыз жазды.
«Мен Ұланғасыр Қамидың үстінен арыз жаздым. Дәстүрге берік депутаттар үнсіз қалғаны үшін олардың орнына мен жаздым. Бүгін e-Otinish арқылы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес оның әлеуметтік және гендерлік араздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділік тудыру және күйеулерінің, бұрынғы азаматшалардың әйелдерді/қыздарды зорлық-зомбылықпен өлтіруін және жарақаттауын ақтағаны үшін тексеруді сұрап өтініш тастадым. Өтініш тіркелді, қандай да бір іс қозғала ма, әлде әдеттегідей ресми жауап келе ме көрейік», – деп жазды Сисембаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар қоғам белсендісі өтініштің мәтінін де көрсеткен.
“Қазақстандық әнші, азамат Ұланғасыр Қамидің әйелдерге деген өшпенділік тудыру, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылыққа сәйкес әлеуметтік араздықты қоздыру туралы резонанс тудырған мәлімдемесін қарауыңызды сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы.
Бұл бейнеүндеуде азамат Ұланғасыр Қами зайырлы қоғамымыздың Конституциясына қайшы келетін түбегейлі радикалды мәлімдемелер жасады. Оның айтуынша, «Күйеулер әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіреді»! Менің ойымша әнші осы сөзі арқылы тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ақтап тұр. Яғни, Қамидың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен қыздар өздерінің өлімі мен жарақат алуына кінәлі, өйткені олар хиджаб кимеген. Осындай мәлімдемелер мен видео хабарламалар бүкіл елге, әсіресе белгілі және танымал тұлғаның сол немесе басқа нысанда, біздің елде тұрмыстық зорлық-зомбылық ақыры қылмыстық деп танылған әлеуметтік жағдайда агрессивті зорлық-зомбылық пен өшпенділіктің одан да көп соққысын тудыруы мүмкін. Кейбір еркектер/жігіттер тарапынан қазақстандық әйелдерге/қыздарға деген көзқарасы әлсіз! Мен азамат Ұланғасыр Қамидің сол видеохабарламасын жүктеп ала алмадым. Өйткені платформа (e-Otinish) бейнефайлдардың кейбір түрлерін қабылдамайды екен”, – делінген жазбаша арызда.
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Ақсуат өңіріне концерт қойды. Алайда өнер иесі халықты ұзақ күттірген. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, үш күннен бері Ақсуатта дүбірлі той өтіп жатыр.
“Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтармен бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын «, – деп жазды әнші.
Алайда эстрада жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін жасырмады.
“Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», – деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады өнер иесі.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі «тапсырыспен полицейлерге ән арнады» дегенді жоққа шығарды.