Танымал әнші Жанар Айжанова саусағын сындырып алғанда өзі емдеп жазғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі сынған саусағын дәрігерлердің емдей алмағанын көрсетті.
“Былтыр саусағым сынды. Соған гипстен соғылған күміс жүзікті тағып алдым. Арнайы зергерге барып, жасаттым. Негізі бұл – оймақ пен шошақ жүзік. Сынған сүйектерді емдейді екен. Ата-бабамыздың даналығында сөз жоқ. Алты айдан бері тағып жүрмін. Сүйектері орнына келіп, сіңірлері жалғаныпты. Әйтпесе осы саусақты Сызғанов емханасының хирургтары емдей алмап еді”, – деді әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің сөзін растап жатыр.
“Сызғанов клиникасына тек ақша керек”, “Марқұм әжем де күміс тағып жүретін”, “Жанар апай кемпірдің қызы, көп дүние біледі”, “Ата-әжелеріміз ненің пайдалы, пайдасыз екенін біліп өткен”, “Жанардың аузы ашылса, көмейінен біз білмейтін салт-дәстүр төгіледі”, – деп жазды көпшілік.
Танымал актер Шерхан Пірназар екінші әйел алу туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Шерханның айтуынша, екінші әйел алу үшін онымен бірге келетін қиындықтарға да дайын болу керек.
«Екінші әйел алу кез келген еркектің арманы мен қиялында бар. Десек те оның барлығына уақыт жауап береді. Бірақ алмаймын, алғым келмейді. Не істеймін оны? Онсызда мәселе көп. Мәселенің үстіне мәселе қосқым келмейді. Соның барлығына төтеп бере алсаң, алуға болады», — деді актер.
Шерхан Пірназардың бұл ойын жақтырмай, қарсы пікір жазып жатқандардың қарасы көп.
«Бірден жоқ деп айту неге қиын», «Бір әйелді жетістіріп алыңдаршы», «Қойшы, алғың кеп тұр ғой», «Екеу түгіл біреуін асырай алмай жүргендер бар», «Актерларда онсызда жетеді ғой», «Ұзын сөздің қысқасы — кетәрі емес», «Әйелімнен қорқамын десейші», — деді олар.
Танымал трансгендер, блогер Ника Нетт бет-әлпетіне ота жасатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Желі жұлдызы күні бүгінге дейін төрт ота жасағанын айтты.
“Халық Аллаға қарсы шықтың” деп айтады. Менің өмірімде бәрі жақсы. Егер Жаратқан қарсы болса, мен төрт отадан аман-есен өте алмас едім. Күннен-күнге өсіп, құлпырып келемін. Демек, бұл — Алланың қалауы”, – деп жазды блогер.
Одан кейін пластикалық отаның қалай өткенін және өзін қалай сезініп жатқанын көрсетті.
“Дәл қазір көзімді жоғары көтеру қиын болып тұр. Жанымда анам мен ағам бар. Жағдайым дұрысталса мені үйге алып кетеді. Өйткені мен сыртқы түрімді өзгерту үшін косметикалық-пластикалық ота жасаттым. Бұрын оқырмандарым пластикалық ота жасатпадым десем, сенбейтін. Бүгін ғана бірінші рет жасатып тұрмын.Бет-әлпетіме өзгеріс енгіздім. Макияжбен жүргенде мән бермеппін. Одан кейін фильтрмен фотоға түсіп жүрдім. Енді мен ресми түрде айта аламын: Иә, мен шынымен бетіме ота жасадым. Бір нәрсені жақсартуға мүмкіндік болса, неге соны жасамасқа?!”, – деп жазды трансгендер.
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлымен көңіл жарастырып жүрген Әдия Мәулен әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағын жауап берді, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп,
«Әділет екеуміз бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз, бірақ нақты сөйлесіп жүргенімізге ертең 9 ай болады екен. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде дүниеге келдім, Ақтау көшіп кеттік. Ал қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Колледжді қонақүй бизнесі мамандығы бойынша аяқтадым. Оқуды аяқтап, Астанаға барған едім. Болашақта жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап жүрмін», – деді Әдия Мәулен.
Ол ата-енемен тұруға қарсы емес екенін жеткізді.
«Бұл тақырыпта бейтарап көзқарастамын. Өзім үлкен отбасыдан шықтым, көп адам болып шай ішкен ұнайды. Артымнан еріп келе жатқан інім болғандықтан жақсы түсінемін», — дейді 20 жастағы ару.
Әнші Қарақат Әбілдина туған күн кешінде болған оқиғаны бөлісті.
Айтуынша, кештің басталуына жарты сағат қалғанда асаба келмейтінін жеткізген.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық. Той барысындағы қызықтармен бөлісe отырайын. Тура кештің басталуына жарты сағат қалған кезде тойды жүргізу керек болған ақын қыз, атын айтпай-ақ қояйын, жай тілмен айтқанда, лақтырды. Келе алмайтынын айтып, бір шок қылады мені. Сөйтіп кештің тізгінін сіңілім Ақбота алды. Керемет жүргізді. Осы кеште асабалық тұсауы кесіліп , нағыз дебют болды ол үшін. Әр істің бір қайыры деген рас-ау?!» — дейді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі тойға келе алмайтынын алдын ала айтпайтын қонақтарға ренішін білдірді.
«Тамада қалай лақтырған болса, тойға келеміз деп, соңғы күні өздерінің уәдесін беріп тұрып, орындары белгіленген біршама қонақтарым келмей қалды. Осы орайда айтқым келетіні, барлығымыз қонақ шақырамыз, күтеміз, ниеттенеміз. Осындай жағдай үлкен бір өрескел қателік қой. Осы мәселені көп жандар ойланса екен. Себебі адам келеді деп күтеді. Орнын белгілейді, ол енді айтпаса да түсінікті. Қанша той жасап жүрміз, байқаймын, “ішің білсін, әлу-ай…” Осыны оқып отырған жандар өздері біліп те отырған болар. Бұл тек менің тойыма қатысты емес, жалпы көпшілікке айтқым келетіні: келе алмайтын болсаңыз, келе алмайтын жөніңізді айтыңыз! Адамды бүйтіп үміттендіріп, күттіріп қою деген үлкен мәдениетсіздік қой!.. Сіздер қалай ойлайсыздар, оқырмандар?», — деп жазды әнші.