Category Archives: Шоу-бизнес

«Жеңгетай болсам деймін»: Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр

Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы танымал әнші, хитмен Қазыбек Құрайышқа қыз іздейтінін жасырмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

БАҚ өкілі әншінің қыз таппай жүргенін айтып қалды.

«Бір сыдырғы інімнің биыл тойына барайық, ағайын. Жастар таныссын, үлкендер көмектессін, жеңгелер жеңгетай болсын. Несі бар… Жақсы бір ойым, ниетім ғана», – деп жазды медиа маманы.

Сондай-ақ, ол қыздардың резюмелерін өзі қабылдайтынын, Қазыбекке қандай қыздар ұнайтынын білетіндігін айтып әзілдеді.

“Қыздар, бүгіннен бастап резюмені мен қабылдаймын. Tik Tok шулап жатыр екен, Қазыбектің қызы бар деп. Өсек таратпаймыз. Қызы туралы кеше сұрадым. Жоқ екенін айтты. Керемет қыз бұйырсыншы, шабыты ашылып, бізге күшті-күшті өлеңдерін айтады”, – деді тележурналист.

Назым Қызайбай жүрегін кімге арнады? (ФОТО)

Кәсіби рингте өзін дәлелдеген, ал енді жанкүйер жүрегін жаулаған Назым Қызайбай тағы да ел назарында. Бұл жолы – спорттағы жетістігімен емес, шынайы мейірім мен табиғатқа деген сүйіспеншілігімен.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Instagram-да жылқымен түскен суретін бөлісті. Фотоның астына тек жүрекшелер бейнеленген эмодзи ғана қалдырылған. Бірақ сол қарапайым белгінің артында көп мағына жатыр.

Жылқы – қазақ үшін киелі жануар. Назымның бұл фотосы оның тек спортта емес, рухани жақтан да терең тұлға екенін көрсетеді.

Боксшының жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларынан қызу қолдау тапты. Қысқа уақыт ішінде суретке жүздеген жүрекше мен жылы пікірлер түсті. Көпшілік Назымның нәзік те, қайсар болмысын ерекше бағалағанын байқатты.

Еске сала кетсек, 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды. Бұл – оның әлемдік аренадағы үшінші жеңісі. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанды.

«Сахнаға төсек арқылы келдім»: Қанат Әлжаппаров кино әлеміне қалай тап болғанын айтты (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш, актер Қанат Әлжаппаров киноға қалай келгенін әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Актерден әріптестерінің бірі киноға қалай келгенін сұрайды.

«Төсек арқылы келдім. Жатқанмын ғой ұйықтап, төсегімде. Продюсер қасыма келіп жатып алды, киноға түсші деп», — деп әзілдейді Қанат Әлжаппаров.

Алайда актердің бұл әзілін желі қолданушылары оң қабылдай қойған жоқ.

«Өте мағынасыз сөйлейді, елге арзан күлкі керек», «Мәдениеттен жұрдай осындайлардың заманы болып тұр ғой, этикадан жұрдай», «Ұят жоқ, не деп отырғанын біле ме екен», «Күлдіріп отырып, шындығын айтқан шығар», «Шындық көз шұқиды, деген. Күлдіріп отырып кейбіреудің қытығына тиіп кетті», — дейді актер.

«Алдыңда не тұрғанын білмейсің». Әнші Ғаділбек Жанай ажырасу туралы айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші Ғаділбек Жанай жақында жаңа әнінің тұсауын кеспек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желідегі парақшасына әйелінің видеосын жүктеген әнші, ешқашан ажыраспайтынын айтқан.

«Ешқашан ажыраспаймыз! Бейсен ағамның сөзін әнге қостым. Бұйыра, жақында», — деп жазды Ғаділбек Жанай.

Осы тұста әншінің тыңдармандары бұл сөздерге қарсы шықты.

«Ешқашан ажыраспаймын деп, ажырастым. Бәрі бір Алланың қалауымен», «Біз ажыраспадық, бізді Алла ажыратты», «Ешқашан ешқашан деп айтпа! Алдыңда не тұрғанын білмейсің», «Менен азарт артық болды», — деп жазды олар. 

@gadilbek_zhanayЕШҚАШАН АЖЫРАСПАЙМЫЗ! БЕЙСЕН АҒАМНЫҢ СӨЗІН ӘНГЕ ҚОСТЫМ!БҰЙЫРСА,ЖАҚЫНДА

♬ оригинальный звук — Gadilbek

Дженнифер Лопес Астанада: Билеттер сатылымы басталған сәтте сайт жұмысын тоқтатты​

Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттердің сатылымы басталған сәтте, билет сататын сайт техникалық ақауларға байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. 11 сәуір күні сағат 11:00-де басталған сатылым кезінде, ticketon.kz сайтына жүктеме тым жоғары болып, пайдаланушылар билеттерді сатып ала алмады.

Сатылымның басталуы және техникалық қиындықтар

11 сәуір күні сағат 11:00-де билеттердің сатылымы басталды. Алайда, сатылым басталғаннан кейін бір минут ішінде ticketon.kz сайтына жүктеме тым жоғары болып, сайт жұмысын тоқтатты. Пайдаланушылар сайтқа кіре алмай, билеттерді сатып алу мүмкіндігінен айырылды.

Ұйымдастырушылардың шаралары

Концертті ұйымдастырушылар, «Астана Концерт» компаниясы, билеттердің сатылымын бақылау үшін бірқатар шаралар қабылдады. Бір адамға төрт билеттен артық сатылмайды, ал билеттердің QR-кодтары концертке үш күн қалғанда ғана беріледі. Бұл шаралар билеттердің қайта сатылуын болдырмауға бағытталған.

Концерттің маңызы және экономикалық әсері

Дженнифер Лопестің концерті 1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл концерт Қазақстанда коммерциялық негізде ұйымдастырылып отырған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт ел экономикасына 6,5 миллиард теңге көлемінде пайда әкелуі мүмкін.

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттердің сатылымы басталған сәтте сайттың жұмысын тоқтатуы, бұл шараға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылардың қабылдаған шаралары билеттердің әділ таралуын қамтамасыз етуге бағытталған. Концерттің ел экономикасына оң әсері болуы күтілуде.