Category Archives: Шоу-бизнес

«Не деген махаббат?»: Айгүл Иманбаева жолдасымен ерекше видео жариялады (ВИДЕО)

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінен жасы кіші күйеуімен видео жариялап, көпшіліктің махаббатына бөленді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Өмір «сізге дейін» және «сізбен бірге» болып екіге бөлінеді. Екіншісі әлдеқайда жақсырақ», — деп жазды әнші.

Өнер иесінің жазбасына желі оқырмандары тілектерін білдіріп, әртүрлі пікір қалдырды.

«Бақытты болыңыздар, әлдеқайда жас көрінесіздер. Не деген махаббат?! Мұндай романтиканы алғаш рет көруім», — деп жазды желі оқырмандары.

«Той жасамайтын болдық»: Ерке Есмахан жоспары өзгергенін айтты

фото: @erke_esmahan

Қазақстанның танымал әншісі Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады — деген рас.

Биыл жазда үлкен “жыл тойын” жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай дүниеге келем деп тапсырыс берген соң, барлық планды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса», — деп жазды әнші.

Өнер иесінің оқырмандары әншінің аман-есен босанып алуын тілеп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен қайта қосылды

Былтыр екінші әйелі Катерина Вайтпен ажырасып кеткен әнші Сейфуллин Жолбарыс отбасымен қайта қосылды.

Күйеуімен қайта қосылғанын жұбайы Катерина Вайт мәлім етті.

Желі қолданушыларының бірі Катерина Вайттан «Отбасыңмен қосылдың ба?» деген сауал қояды. Әншінің жұбайы «Солай дұрыс. Иә» деп жауап береді.

Жазбаларының бірінде күйеуі Сейфуллин Жолбарыспен бірге түскен фотосын жариялап, мынадай ойын қалдырды:

«Демек, мағына осыда болғаны ғой. Алғысымды білдіріп, қабылдап, ары қарай жүремін», — деп жазды Катерина Вайт.

Сол сияқты ол Сейфуллин Жолбарыспен және қыздарымен бірге шетелде қыдырып жүрген сәттерінен фотолар жариялады.

Айта кетейік, осыған дейін Сейфуллин Жолбарыс екінші жұбайымен ажырасып кеткені хабарланған болатын.

«Танымаймын, кездеспегенмін де»: Нұрлан Еспановтың ұлы қыздарға жазған даулы хаттары туралы айтты

Фото: instagram.com/espanov_n
Бұл туралы ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Шыны керек, мен білмейді екенмін. Мен де ондай хаттар жоқ. Талай көрдік, ақтардық. Бұрын ондай жағдай болса, болған жоқ. Бірақ кейін «ондайды кімге жазып қойып едім» деп қараған кезде ондай қыз да, хат та жоқ болып шықты. Былай айтқанда, үлкен аяқтан шалу болды десем де болады. Өйткені ондай қызды танымаймын, ондай қызбен кездеспегенмін де», — деп түсіндірді Олжас Еспанов.

Сондай-ақ, ол хатты әлеуметтік желіге кімнің жариялағаны туралы да айтты.

«Кімнің салды екен деп зерттеп қарадым. Алғаш тикток желісіне салынды, сосын Айсұлу деген бір қыз салды. Қарасам, контент жүргізіп жүрген Айсұлу деген бір қыз. Тикток аккаунтында оқырманы көп, инстаграм аккаунтын белгілеп қойған екен. Бірақ ол жабық парақша екен. Қарасам, арамызда ешқандай диалог болмаған. Кейін маған дайректке жазып, «ол ешқандай Айсұлу емес, Башқортстанның қызы, Александар деген қызы» деді. Ол Айсұлу болып солай контент жүргізіп жүр екен. «Не үшін жасадың» деп жаздым. Бірақ диалогқа келмеді, қыздың жазғаны маған жиіркенішті болды. Содан тыныштық керек деп бұғаттап тастадым. Бірақ кейін оның ешқандай Айсұлу емес екенін білдім. Ол Александра деген қыз Айсұлу болып бір адамның өмірін құтты десем де болады», — деп түсіндірді әйгілі әншінің ұлы.

«Қайратты өсектеп, жала жауып отыр»: Гүлзира Айдарбекова ұлына араша түсті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты сынға алған желі қолданушысына жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Продюсердің айтуынша, бір адам үнемі баласын өсектеп, жала жауып жүреді.

«Қайтесіз қоя беріңіз, біздің адамдарға шындық жақпайды ғой. sania_nur1948 деген мына жерде оттап отырған қатын, барлық парақшада Қайратты өсектеп, жала жабумен отырады. Оған жүрек дәрісін ішіп ұйықтау керек шығар, өлуге айналды іш құса болып, кезінде Қайрат менсінбей қарамай кеткен ау шамасы, басқа тірлігі жоқ ол қатынның. Оттағандар оттай берсін, бәрі шындық», деп жазған продюсер.