Category Archives: Шоу-бизнес

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова көлігін жүргізе алмай дал болды

Жұлдыз Әбдікәрімова көмек керек кезде келе қоятын адамы жоқ екенін айтып, налыды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

37 жасын тойлап жүрген актриса келеңсіз жағдайға тап болған.

«Көлігім оталмай қалды. Әрине аккумулятор отырды. Айналадағы көлігі бар жүргізушілерден прикуритель іздеп кеттім, өкінішке қарай ешкімде жоқ боп шықты. Әдетте өзіммен алып жүретін зат қырсыққанда осы жолы болмады. Осындайда еркелеп телефон шалып, шақыратын жігіттің де жоқтың қасы», — деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін құрбысы Дина шешіп бергенін айтып, орнынан қозғалғанын жеткізді.

«Айына бір тонна қымыз өткіземін»: Нұрлан Еспановтың ұлы бір жылда 7 көлік мінгенін айтты

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы блогер Олжас Еспанов табысты болуының құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Өнер иесі журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, көлікқұмар екенін айтты.

“Бір алған көлігімді көп уақыт мінемін деп ниеттенемін. Бірақ басқа жақтан жақсы көліктер шығып тұрады. Мініп жүрген көлігімді сатып, соны аламын. Кейде айырбастап жіберемін. Үстіне ақша қосып жаңасын аламын. Жалпы, көлікті қатты жақсы көремін. Бір жылда жеті көлік алмастырған кезім болды. Кейде көліктерім ұнамай қалады”, – деді Олжас.

Бүгінде блогер жігіт қымыз сатып, табыс тауып отырғанын жасырмады.

“Қазақтың ұлттық сусыны қымызды жеке кәсіпке айналдырып жатырмын. Өзім алып, өзім сатып жүрмін. Алматы мен Алматы облысы бойынша таратамыз. Жақсы ақша түсіп жатыр. Айына бір тонна қымыз өткіземін десем өтірік айтқаным емес. Қазір команда жағын реттеп жатырмын. Осы кәсіптің арқасында жақындарыма түгел сыйлық жасадым. Оны көрген шығарсыздар. Әлеуметтік желіге таралып кетті. Әке-шешем мен бауырларымнан бөлек, әкемнің інілеріне де сыйлық жасадым”, – деді әншінің ұлы.

«Кеше өтіп кетті ғой»: Әйелін кешігіп құттықтаған Қайрат Нұртас сынға қалды

Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы, балаларының анасы Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Өнер иесі жеке парақшасында жыр-шумақтарын арнады. Актриса 37 жасқа толды.

«Жүрегімнің дауасы,
Ұл-қызымның анасы,
Лайықты жан өзіме,
Дүниедегі жанашыр,
Ыстық оттай сезіммен.
Заманым тыныш өзіңмен,
Жұлдызым туған күніңмен», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Алайда актрисаның оқырмандары әншінің бір күн кешігіп құттықтағанын жарыса жазып жатыр.

“Күні бойы Қайраттың қалай құттықтағанын күттім”, “Жұлдыздың туған күні кеше өтіп кетті”, “Екеуін бірге көрсем, қатты қуанамын”, “Қайрат кешігіп қалды”, “10 жыл үйде отырған әйеліңе гүл де бермейсің бе?!”, “Осындай да құттықтау бола ма, гүл мен сыйлық қайда?!”– деп жазды көпшілік. 

«Айыппұл төледі»: Ақбота-Нұр «Кesh You» тобынан оңай кете алмағанын айтты

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өнердегі жұлдызын жаққан “Кesh You” тобынан неге кеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Динара Сәтжанның шоуында қонақ болған әнші тұрмысқа шығу үшін айыппұл төлегенін жасырмады.

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. “КешYou” тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар”, – деді әнші.

Одан кейін тұрмысқа шығу үшін белгілі продюсер Баян Мақсатқызына айыппұлды экс жолдасы, актер Дәурен Айдарқұлов төлегенін айтты.

“Тұрмысқа шығамын деп топтан кеттім. Жалпы тұрмыс құруым, бір жағынан балалық болды ма, шалалық болды ма, адам болған соң бастан түрлі жағдай өтеді екен. Экс-күйеуім келісімшартта көрсетілген айыппұлды төлеуіне тура келді”, –деді Ақбота-Нұр Сейітмағамбет.

«Райм бастауыш бітірген жыл»: Ерке Есмаханның есекке мініп, ауылда жүрген видеосы тарады

Танымал әнші Ерке Есмаханның есекке мініп, ауылды аралап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Болжам бойынша бұл әншінің бірнеше жыл бұрын өнердегі әріптесі Төреғали Төреәлімен «Қайда?» атты әніне бейнебаян түсіріп жатқан уақыт болуы мүмкін. Әншінің киген киімі мен клиптегі образы бір біріне ұқсас келеді.

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды:

«Райм бастауыш бітіріп жатқан жыл», «Ең бастысы, Райм мен Ерке мәңгілік бірге бақытты болсын!», «Бастауыш емес 11-сыныпты бітірген кез деші. Осы клип шыққанда 1-курс студент едім», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Райм мен Ерке Есмаханның арасы 12 жас.