Category Archives: Шоу-бизнес

«Жұлдыздың қадірін түсінбей жүрсің»: жұрт Қайрат Нұртасқа ақыл айтты

Фото: Instagram/kair_n

Әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын жарыса жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімова 37 жасқа толған еді. Әйелін туған күнімен желідегі парақшасында бір күн кешігіп құттықтаған Қайрат Нұртас елдің сынына ұшырады. Сонымен қатар, көпшілік әншіге отбасын құндылығы туралы ақыл айтты.

«Жұлдызды бағаламай жүрсің. Отбасыңның қадірін түсін, олар керемет жандар», «Қайрат, отбасыңды бағала. Сенің байлығың – отбасың», «Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз, Қайрат, өмір бойы бақытты болыңыз, Жұлдыз ханым біреу ғана бұл ғаламда», — деп жазды Қайраттыың оқырмандары.

«Тәтті шай ішкен жоқ»: Сәкен Майғазиевтің қашан келін түсіретіні белгілі болды

Фото: instagram.com/adiyassn

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас досының құпиясын ашып қойды.

“Мен Айнұрға сөз салатын кезде достарымды да шақырдым. Әділет екеуміз бала кезден доспыз. Ол да қызын ертіп әкелді. Сол кезде видеоға түсіп қалған. Tik Tok-тан ештеңені жасыра алмайды екенсің. Өздері де көріп, шок болып жатыр. Қыз бен жігіт болып араласқандарына көп уақыт болмағасын да жариялауға асықпаған сияқты. Ақтау өңірінің қызы, 2005 жылы туған”, – деді Олжас Еспанов журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Одан кейін досының тойына қатысты да пікір білдірді. Сөзінше, той күні алыс емес сияқты көрінеді.

“Екі жақтың ата-аналары ресми түрде танысып, тәтті шай ішкен жоқ. Бірақ кездескендерін естідім. Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр”,  – деді блогер.

«Бір апта жүруге болмайды»: Қайрат Нұртастың балалары оқыс жағдайға тап болған

Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнінде әбден әбігерге түскенін айтты. Айтуынша, тұңғышы мен кенжесі ауырып қалған.

«Сезім волейбол ойнаймын деп қолын, Хан футбол ойнаймын деп аяғын ауыртып алды. Шүкір, қолының сүйектері сау. Тек сіңірлері тартылып қалған. Бір аптаға гипс салды, бас бармағы бір қалыпта болуы үшін. Хан доп тебемін деп байқамай асфальтты тептім дейді. Бұл жігіт шыдамды ғой, шіркін. Ауырса үнсіз ешкімге айтпайды да, білдіртпейді де. Шамасы келгенше өзін емдейді», — деп жазды актриса.

Төрт баланың анасы бір аптадан кейін дәрігерге қайта бару керегін жаза кетті.

«Гипс салдыртпадық себебі бір апта жүруге болмайды деген соң, баланы мүлдем қозғалыссыз қалдырғым жоқ. Бірнеше жерден шеміршектері созылып қалғандықтан осындай ыңғайлы «ортез» алдық. Енді бір аптадан кейін екеуін қайта травматологқа апарып, бір тексертемін», — деді ол.

«Ең жиі қойылатын сұрақ»: Дина Төлепберген жұбайымен арақатынасы жайлы айтты

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген күйеуімен қарым-қатынасы жайлы сөз етті, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы.

Журналист желі қолданушыларына екінші жартыларымен ортақ тіл табысу жолдарын айтты.

«Махаббат — ең маңызды сөз. Ең түсініксіз сөз де осы. «Үйленгеннен кейін махаббат қайда кетеді?», маған ең жиі қойылатын сұрақтың бірі осы шығар. Өзімнің кітап клубымда Гәри Чәпманның «Махаббаттың бес тілі» атты кітабын оқи бастадық. Автордың пікірінше махаббаттың бес тілі бар. Оның қайсысы Сіздің жұбыңыз үшін ең маңыздысы? Міне, соны білу керек.  Мәселен, менің күйеуім бірінші және бесінші тілді жақсы түсінеді. Ал маған үшінші және төртіншісі маңыздырық. Жарыңызбен ортақ махаббат тілін табуыңызға тілектеспін», — деді журналист.

«Кісілігі бар екен»: Желі қолданушысы Төлендиевтің қылығын ұнатпағанын айтты

Желі қолданушысы танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев туралы жазды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Жақында тойға бардым. Тойда Нұржан Төлендиев ән айтып тұр. Әнді жанды дауыста айтып тұрған жоқ, фонограмма, кісілігі бар екен. Амал жоқ тұр. Адамдар суретке түсіп, өліп жатыр. Кісілігіне жаман намыстанып кеттім», — деді ол.

Сондай-ақ біздің жұлдыздарды әлемдік деңгейдегі әншілермен салыстырды.

«Джей Ло концертіне бармау керек дейді. Ол бар өнерін салып жанды дауыста айтады ғой. Біздің әншілерге қарағанда еңбегі адал», — деп жазды Threads қолданушысы.

Желі қолданушылары біздің әншілер жұлдыз ауруына ұшырағанда шетел жұлдыздарынан асып түсетінін жарыса жазды.

«Туканың кісілігі баяғдан бар ғой, шіренгенде Қазақстанның төбесін ұстап тұрғандай», «Туканы тойымды жүргізуге шақырғанмын. Ішіп келді, ақшасын алған соң уәде берген әнін айтпа, тайып тұрды», «Сондайларды неге тойға шақырады екен», «Үнемі қолын қалтасына салып тұрғаннан-ақ білуге болады», — деп жазды олар.