Category Archives: Шоу-бизнес

«Қайрат терезеден ұшып кетті»: Гүлзира Айдарбекова жол апатына түскен сәтін есіне алды

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі не себепті ұлы Қайрат Нұртастың көзілдірік тағатынын айтты.

 

“Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек болып қалды. Бірақ құдай сақтап қалды. Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнектер сынып, денесі мен көзіне қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып шығатын”, – деп жазды продюсер.

 

Гүлзира Үсенқызынң сөзінше, сол жол апатын фильмге арқау еткен.

 

“Өкініш” фильміне жол апатын кірістірдім. Қалай көліктен аударылғанын және өзімнің сол кезде қандай күйде болғанын көрсеттім. Телефон соққаным да еш өзгеріссіз фильмге енді”, – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

 

«Зәкеңмен жақын емес едім»: Мақпал Жүнісова басынан өткен оқиғасын есіне алды

Фото: видеодан скрин

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі 1991 жылы түсірілген видеоны бөлісті. Ол жерде Асқар Тоқпанов әншіге ақжол тілеп, бата берген. Сөзінше, тұрмысқа шығып, ұл мен қыз туып ал деген. Алайда халық әртісі ол кезде бойдақ екенін айтты.

 

“Зәкеңмен бұл кезде жақын емес едік. Көмекшілерінен гүл мен хат беріп жіберетін. 1991 жылы мамыр айында бәрінен аман едім. 1991 жылы қарашада Горисполкомның саяжайында қамауға алындым”, – деп жазды әнші.

 

Желі қолданушылары әртіске ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

 

“Қандай ғажап! Қазақтың бата дарыған аяулы қызы жасай берсін”, “Жүректен шыққан ақ бата қабыл болсын! Асқар атамыздың жаны жәннатта болсын!”, “Мақпалға қазақ өнерінің майталмандары кезінде лайықты бағасын берген екен”,  “Асқар Тоқпанов аңыз адам ғой. Алла Мейіріміне алсын! Мақпал апай қазақтың кіл жақсысынан жоғары баға алған бақытты әншісіз! Алла Сізге ұзақ өмір берсін!”, – деп жазды көпшілік.

 

Опера әншісі Мария Мудряк «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияға іссапары барысында, опера әншісі Мария Мудрякқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік марапатын табыстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясының түлегі Мария Мудряк бүгінде әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр.

«Мен үшін өз Отаным – Қазақстанның марапатқа лайық санағаны – үлкен құрмет. Президентімізге шексіз алғыс айтамын. Бұл – менің өмірімдегі маңызды оқиғалардың бірі. Мен небәрі 9 жасымда, Италияға оқуға аттанарда белгілі қиындықтар болды. Сол кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрі қызметін атқарып жүріп, бұл мәселенің шешімін тауып берген еді», – деді Мария марапаттау рәсімінде.

Биыл опера әншісінің шығармашылығы мен кәсіби мансабына 28 жыл толды. Мария Қазақстанды әлемнің ең ірі опера сахналарында зор мақтанышпен таныстырып жүргенін және алдағы уақытта да ел игілігі үшін аянбай қызмет ететінін айтты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Римге сапары барысында италиялық мәдени ұйымдардың өкілдерімен де кездесті.

Министр Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс барлық бағытта дамып келе жатқанын және мәдени ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.

«Қазір екі ел арасындағы мәдени байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Бұл үрдіс өзара құрметті күшейтіп, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықты арттырады. Мемлекеттеріміздің Президенттері атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз – мәдениет саласындағы байланысты түрлі бағытта тереңдету. Біз италиялықтарға қазақ мәдениетін жақын таныстыру мақсатында бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Мен министр ретінде өзара ынтымақтастықтың әрі қарай жемісті жалғасуына ерекше мән беремін», – деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, 24–26 қараша аралығында Италияда «Қазақ киносының күндері» өтеді. Онда отандық киногерлердің жаңа туындылары мен классикалық фильмдері көрсетіледі. Италиялық әріптестермен өткен кездесу барысында креативті индустрия, зергерлік өнер, кино және анимация салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі ретінде сәулет өнеріне де ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Аида Балаева 1939 жылы құрылған Еуропадағы көне мекемелердің бірі – Орталық реставрация институтына барды. Бұл институт – Италиядағы мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі. Мұнда өнер туындыларын, сәулет ескерткіштері мен археологиялық нысандарды қайта қалпына келтірудің заманауи әдістемелері әзірленеді.

Айта кетсек, биыл Италияның Реставрация институты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қытайда еліміздің туристік әлеуетін көрсететін Димаштың жаңа жобасы таныстырылды

Фото: @kudaibergenov.dimash

Қазақстанның туристік орындарында түсірілген Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасы Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген «Voice Beyond Horizon» жаңа тележобасының промо-бейнеролигін ұсынды. Бағдарлама еліміздің туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге көрсетеді.

Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен және Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе қолға алынды. Биылғы қыркүйек айында түсірілім тобы мен қатысушылар Қазақстанның өңірлері бойынша саяхаттап, 7436 шақырымнан астам жол жүрді. Олар 22 күн ішінде олар еліміздің бай табиғи және мәдени мұрасымен танысты.

Түсірілімге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары қатысты. Жобаның бағыты негізгі туристік орындарды қамтыды. Оның ішінде Ұлы Жібек жолының бойындағы көне Түркістан, Маңғыстау облысындағы Бозжыра мен Каспий теңізінің жағалауының бірегей көріністері, Алматы өңірінің табиғи інжу-маржандары – Қайыңды көлі, Саты туристік ауылы, Қапшағай су қоймасы, Ақмола облысының Көбейтұз көлі мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы іспетті табиғи ландшафттары бар.

Жобаға Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Туризм және спорт министрлігі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және өңірлердің әкімдіктері ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

«Үлкен кісі осындай сұрақ қоя ма»: Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасы сыға қалды

Фото: видеодан скрин

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол LStories ютуб бағдарламасында қонағы Жанель Мақажанға өткен өміріне байланысты сұрақ дайындаған, оны эфирде анасы оқып берген.

Осы тұста Threads қолданушысы жүргізушінің кәсібилігіне көңілі толмай, жазба жариялады.

 

«Құрметті Ләйлә ханым, телевидение саласында жүргеніңізге 25 жылдан астам уақыт өтті, әлі күнге дейін қонаққа қандай сұрақ қою керек екенін білмейсіз, анаңыз сондай сұрақ оқитынын білдіңіз ғой, алдын ала келісіп алуға болмады ма? Адамның өткен өмірін неге қозғайсыздар? Өткен зат өтті, кетті, болды, Абайдың намысына тиеді деп ойламайсыз ба? Қайда журналистік этика? Сізге де өткенді қазбалап «Өз Ойым» бағдарламасындағы оқиға туралы сұрақ қойса қалай қарайсыз? Бұл өмірде кім қателеспейді?», — деп жазды ол.

 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

«Мынауы енді тым жабайылық», «Үлкен кісі осындай сұрақ қоя ма», «Бұған ес кірмейді», «Ләйләні суқаным сүймейді», деді олар.