Алматылық оқушы тарихты оқуға арналған қосымша ойлап тапты

Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласының №15 гимназиясының оқушысы Тимур Қырбасовтың өлкенің тарихын зерттеуге арналған қосымшаны ойлап тапқанын хабарлады. Министрліктің мәліметіне қарағанда, бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде пайдалы, тарихи-танымдық ақпарат береді. Бұл қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. Тимур Қырбасовтың айтуынша, бұл жоба «Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану»…

Толық оқу

Туристер Халықаралық ғарыш станциясына ұшты

SpaceX компаниясы Axiom коммерциялық бағдарламасы аясында туристерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшырды. Компанияның мәліметіне қарағанда, Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан (АҚШ, Флорида штаты) NASA-ның бұрынғы астронавты, Халықаралық ғарыш станциясының бірінші әйел командирі Пегги Уитсонның басшылығымен кәсіпкер Джон Шоффнер, экипаж мүшелері — Сауд Арабиясының астронавтары Райян Барнави мен Али әл-Карни ұшты.  Ғарышкерлер ХҒС-та сегіз күн болып, оның…

Толық оқу

Алматы студенттері экодатчиктер ойлап тапты

Алматыда студенттер жаңа экодатчик ойлап тапты. Өнертапқыштар Алматы көшелеріндегі экодатчик жұмысының алғашқы нәтижелерін де тексеріп үлгерген, деп хабарлайды Qazaq.today. Қаладағы көліктен шығатын зиянды заттардың көрсеткіші Алматы қаласының Экология басқармасы мен Полиция департаментіне берілді. Оны Алматы қаласының техникалық мамандықтар бойынша білім алатын сегіз студенті ойлап тапқан. Олар газдың нормалардан асып кету ықтималдығы жоғары автокөліктерді анықтауға мүмкіндік…

Толық оқу

«Мектептерге оқулықтар уақытында берілмейді» – депутат Зәкіржан Кузиев Алтай Көлгіновке сауал жолдады

Парламент Сенатының депутаты Зәкіржан Кузиев Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке мектеп оқулықтарының мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде: «Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек», — деп атап өтті….

Толық оқу