Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түспек, -деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы  Абай атындағы мамандандырылған мектепте өтеді. «Шешендік өнер – халқымыздың баға жетпес бай рухани мұрасы. Ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінге жеткен қасиетті қазынасы. Осы қазынамызды…

Толық оқу

Қазақстан АЭС салу арқылы Қытайдан қыруар пайда таба алады — ғалымдар

Қазақстан АЭС салса, электр энергиясын ҚХР сатып, қыруар қаржы таба алады. Әлем халқының 4/1 тұратын алып елде электр қуатына сұраныс жоғары. Семей полигонының зардабын әбден тартқан халық осынау алып қондырғыдан әлі де қорқады, оның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Одан бөлек Чернобыль апаты да елдің есінен әлі шыға қойған жоқ. Өзге де электр энергиясын өндіретін қондырғылармен салыстырғанда…

Толық оқу

Елімізде жаңартылатын энергетиканың үлесі алдағы үш жылда 6% жетеді — сарапшылар

Жаңартылатын энергетиканың үлесін 2025 жылы 6%-ға, 2030 жылға қарай 15%, 2050 жылы 50%, 2060 жылы 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар Алматы энергетика және байланыс университетіне жиналып, баламалы энергия көздерін дамытудың жолдарын талқылады. «Green Media Forum» халықаралық медиафорумының басты мақсаты – елдегі және әлемнің дамыған елдеріндегі электор…

Толық оқу

«Сапасыз салынған»: Алматыда 3 млрд теңге жұмсалған мектеп ортасынан бөлініп кетті

Алматыда 3 млрд теңгеге салынған мектеп қақ айырылуы мүмкін. Қолданысқа берілгеніне бір жыл ғана болған білім ошағының қабырғалары қақырап, іргетасы шөге бастаған, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Білім ошағындағы кемшіліктерді қоғамдық бірлестік өкілдері де анықтаған. Алаңдаулы ата-аналар балаларын сабаққа жібермейміз деп отыр. 2021 жылы ғана қолданысқа берілген мектеп ғимаратының қазіргі…

Толық оқу

Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ – Тоқаев

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары аясында қазақ тілі мәселесін қозғап өтті. Бұл туралы Qazaq.today ақпараттық агенттігі Bort №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді. Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары….

Толық оқу