 
        
            Барды ұқсата алмаған: Саран қаласының әкімі қызметінен қуылды
Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді. «Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды», – делінген хабарламада. Уақытша қала әкімінің міндетін атқарушы болып бұған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Мақсат Қайрешов тағайындалды. Еске…

 
         
         
        