«200 мың доллар талап еткен»: Алматыда адам ұрлаған бандиттер ұсталды
Алматы полициясы бейтаныс азаматтар ұрлап кеткен 40 жастағы ер адам тауып, босатты. Бұл іс бойынша күдікті ретінде төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Ахановтың айтуынша, әйел адам күйеуін әлдекімдер ұрлап кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Белгілі болғандай, ер адамды Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен. «Дереу арнайы…
