Жұмысқа орналастыру: Ақтөбе облысында пара алған депо басшысы сотталды
Ақтөбе облысында жұмысқа орналасу үшін берілген 1,5 миллион теңге параға байланысты депо басшысы, кадр бөлімінің маманы және екі сыбайласы сотталды. «Диапазон» басылымының мәліметінше, 26 жастағы Ембі тұрғыны техникалық білім алып, депода жұмысқа орналасуға тырысқанымен, конкурс арқылы өте алмаған. Шешім іздеген ол машинист көмекшісі болып істейтін досына жүгінді. Досы кадр бөлімінің маманымен байланысып, ол басшыға пара беруді…
