Президент Түркия елшілігіне барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорда-ға сілтеме жасап. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды. «Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының…

Толық оқу

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар беруді тапсырды

Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша көмек тағы қарастырылады. «Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою…

Толық оқу

Ақтөбе облысындағы Алға қаласында электр станциясынан өрт шықты

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8 ақпанда сағат 09:39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Qazaq.today Ulys.media-ға сілтеме жасап.  “Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін…

Толық оқу

Алматылық оқушылар халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды 

Алматының Алатау ауданына қарасты мектептің оқушылары халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. «Жеті Өнер» Халықаралық шығармашылық фестивалінің  «Шабыт қанатында» атты Республикалық конкурсына еліміздің әр облыс, ауданынан өнерпаз балалар бақ сынасты.  Өенр сайысында №205 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Ақнұр Ержанқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ол 35 вокалист қатысқан…

Толық оқу

Экс-министр оқытушы болып қызметке тұрды

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне оқытушы болып жұмысқа тұрды, деп хабарлайды Qazaq.today Аталған университеттің мәліметінше, бүгінгі күннен бастап Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде дәріс оқитын болады. «Түрлі ұсыныс бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет…

Толық оқу
Яндекс.Метрика