Теңге 0,5%-ға нығайды

Қаңтар айында теңгенің долларға қатысты бағамы 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Бұл ретте Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізбеген. «Биылғы қаңтар айында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 453 млн долларға валюталық түсімді сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке 228 млн доллар трансфертті…

Толық оқу

«Түркиядағы қазақстандық студенттерді қабылдауға дайынбыз»

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда оқып жатқан студенттерді қазақстандық университеттер қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Қазір Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыстамыз. Біз шетелде оқып жүрген, оның ішінде Түркияда оқып жүрген өзіміздің азаматтарымызды, қандастарымызды қабылдауға дайынбыз. Ол үшін қабылдау ережелерін өзгерттік. Бұрын тек қана сессияның арасында…

Толық оқу

Кәрім Мәсімовке операция жасалды

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов операция жасатты деген ақпарат шықты. Бұл туралы Orda_kz телеграм арнасы хабарлады.   Malim.kz-тің жазуынша, ол Астана қалалық сотында процесс  барысында құлаған. Дереу жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. «Көптеген халықаралық ұйымдар және БҰҰ -ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобы «тез арада босату үшін шұғыл шаралар қабылдауға» шақырғанымен,  Мәсімов бір жылдан бері…

Толық оқу

«Қала өлік сасиды»: Түркияда жер сілкінісі болған Кахраманмараштың қазіргі көрінісі

Түркиядағы зілзаладан ең қатты зардап шеккен қаланың бірі – Кахраманмараш. Ол Түркияның оңтүстік-шығысындағы астанасы саналады. Халқының саны 1,2 миллионға жуықтайды. Көлемі жағынан елдегі 14-ші қала саналатын Кахраманмарашың қазіргі көрінісі қандай? Azattyq Ruhy тілшісі жер сілкінісінің эпицентрі болған Кахраманмарашты аралап, шатырды паналаған халықпен тілдесті, деп хабарлайды Qazaq.today Бұл – қаладағы орталық көшелердің бірі, тоғыз қабатты тұрғын үйлер…

Толық оқу

Түркиядағы үйінді астынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды

10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді» деп мәлімдеді…

Толық оқу
Яндекс.Метрика