Петропавлда 3 баланы жарақаттаған оқушы 2 айға қамалды
Петропавлда мектепке сөмкесіне пышақ-балта салып әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысын сот 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын берді, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді. «ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа…
