Мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желіні қалай пайдалануы керек?
Бүгін Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын қалай жүргізу керек екені айтылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев қатысты. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақша ашуға рұқсат етілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар. «Әлеуметтік желілердегі…
