Қарағанды балабақшасында 2 жасар баланың күйіп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеленушінің термиялық күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп. Ekaraganda.kz-тің жазуынша, оқиға туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен баланың ата-анасы жазған. «Біздің отбасымызда қиын жағдай. Екі жасар ұлымыз баратын Октябрьская көшесі, 125 мекен-жайында орналасқан «Kiddy land» жеке балабақшасы қызметкерлерінің айтуынша, олар ұлымызды жуындырмақ болады. Сол кезде қараусыз…
