Ақтөбедегі 51 үйді бір тәулікте су басып қалды
Бір тәулік ішінде Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда кентіндегі 51 тұрғын үйді су басып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, су басқан үйлерден 91 адам эвакуацияланды. “Қазіргі уақытта материалдық құндылықтарды эвакуациялау, инертті материалдарды тасымалдау, үйлерді инертті материалмен және қапшықпен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:45-те Қобда ауданының әкімі…
