Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014 және 2016 жылы туған жасөспірімдердің 36 жастағы әкесі күдікті ретінде ұсталып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.   Qazaq.today

Толық оқу

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған, олардан таяқ та жемеген және сыған қызына ғашық та болмаған. Бұл туралы ол Azattyq Ruhy тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. Атақты сазгер Шәмші Қалдаяқов өмірден озған соң оның шығармашылығы…

Толық оқу

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген, деп хабарлайды Qazaq.today ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, «Qnet» қаржы пирамидасының қызметін…

Толық оқу

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап. 3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналистке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шешімімен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіпте шағым түсірген…

Толық оқу

Риддерде төтенше жағдай жарияланды

24 наурызда Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. «Қаланың ЖЭО жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа иесі RNGK компаниясы қаңтардан бастап ешқандай белсенділік танытпады. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек жинақталды. Мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде және шұғыл жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға…

Толық оқу
Яндекс.Метрика