Бас мүфти қызметкерге пәтер сыйлады
Петропавл қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған ауызашар дастарқанында бірқатар тұрғынға «Рамазан сыйы» табысталды. Ізгі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, сыйлықтарды өз иелеріне берді, деп хабарлайды Qazaq.today. Ең алдымен жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Жұмажановқа қызметтік пәтер берілсе, «Қолма-қол» акциясы аясында діни білім алып жатқан…
