Еліміздің 11 аймағынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері заңсыз айналымнан тәркіленген қару-жарақтар жайлы есеп берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша,…
