“”Жусан” бағдарламасымен келмеген” — полиция Маңғыстауда 3 баласын өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат берді
Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның «Жусан» бағдарламасымен Сириядан келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz -ке сілтеме беріп. «Учаскелік полиция инспекторының биыл наурызда балаларын өлтірген Ақтау тұрғынына қатысты мәлімдемесі тексерілген. Полицей күдікті қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі «Жусан» бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан…
