Алматыдағы Наурызбай ауданында 11 мектеп жаңадан салынады
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады. «Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын қосымша төмендету мақсатында 6 жаңа мектепті, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 мектепті жобалау және салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады»,-деді ол аудан тұрғындарымен кездесуде….
