Алматы облысында білім бөлімінің бухгалтері асылып қалған

7 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің бухгалтері өзін-өзі өлтірген, деп хабарлайды Qazaq.today Orda.kz-ке сілтеме жасап. Бухгалтердің асылып өлгені туралы оның жұбайы хабарлаған. Ол оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Қазір ҚР ҚК-нің 105-бабы «суицидке итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Талдықорған білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың Қаратал өзеніне батып кеткені хабарланған еді….

Толық оқу

«Chia Tai Tianging Group-қа 83 млн теңге салған» — шымкенттіктер қаржы пирамидасына алданған

«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме беріп.  Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше,  2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.   “Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес…

Толық оқу

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары Грузияда ұсталып, елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaq.today Бас прокуратураға сілтеме жасап. «Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды….

Толық оқу

Грекиядағы кеме апатынан 80-ге жуық адам қаза тапты

Ион теңізінде жүздеген заңсыз мигранттарды алып жүрген балық аулау кемесі батып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today. Жолаушылардың нақты саны әлі белгісіз. Тірі қалғандардың айтуынша, бортта 400-ден 700-ге дейін адам болуы мүмкін. Ауданда ауқымды іздеу операциясы жүріп жатыр. Жүзден астам адам судан құтқарылды. Бортында мигранттары бар шамадан тыс жүктелген кемені еуропалық Frontex агенттігі байқаған. Сол кезде де…

Толық оқу

Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамалды

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі есірткіге масайып, көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qazaq.today Алматы соттарына сілтеме жасап. «Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзге көлік құралдарына зақым келтіруге әкеліп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі (ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2023…

Толық оқу
Яндекс.Метрика